Ұлт тарихы туралы құнды кiтап

Ұлт тарихы туралы құнды кiтап

Кешегi кеңестiк идеологиялық қысым кесiрiнен бiз өз тарихымызды бiлмей өстiк. Оның есесiне орыстың о замандағы жылнамалары мен Ленин бастаған компартия көсемдерiнiң «өнегелi» өмiрбаяндарын жетi атамыздай жаттадық. Асыл тектi Абылайдан, «Еуропаға терезе ашып», еңсесi езiлген Ресейдi ел қатарына қосқан еңсегей бойлы ер Петрдi артық көрдiк. Қазақтың қанын судай шашқан Ермакқа еңселi ескерткiш қойып, Алаштың ар-намысы үшiн айқасқан хан Кененi ағаш атқа терiс мiнгiздiк.


Тек тәуелсiздiк алғаннан кейiн ғана төл тарихымыздың ақ-қарасын айыра бастадық. Қазiр көзi қарақты тарихшыларымыз үлкен iзденiс үстiнде. «Мәдени мұра» мемлекеттiк бағдарламасының аясында талай құндылықтарымыз халқымызбен қайта табысты. Әлемнiң әр түкпiрiндегi мұрағаттарда сақталған рухани жәдiгерлерiмiздiң көшiрмелерiн әкелуге мүмкiндiк туды. Дос сүйiнiп, дұшпан күйiнетiндей дәстүрлi мәдениетiмiз болғанын айғақтайтын дәйектер молая түсуде.
Қатпары қалың Қазақстан тарихының төрт құбыласын түгендеуге шетелдерде тұратын ғалымдарымыздың да аянбай атсалысып жатқандығы қандай ғанибет. Мәселен, Мәскеуде қызмет iстейтiн қандастарымыз, тарих ғылымының докторлары Нәйла Бекмаханованың «Присоединение Казахстана и Средней Азии к России (ХVIII-ХIХ века)» және Дина Аманжолованың «На изломе. Алаш в этнополитической истории Казахстана» атты шығармаларының жарық көруi жоғарыдағы ойымызды айғақтай түссе керек.
Бұрнағы күнi Астанадағы Ұлттық академиялық кiтапханада осы екi кiтаптың таныстырылымы болды. Оны ұйымдастырған «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты мен Мемлекеттiк тiлдi дамытудың Президенттiк қоры екен.
Салтанатты рәсiмде алдымен сөз алған Дина Аманжолова Алаш арыстарының ұлт азаттығы жолындағы саяси күресiнiң белгiсiз беттерiн ашып көрсетудi мақсат еткен ғылыми дүниенiң жариялануына көмек көрсеткен Берiк Әбдiғалиев, Ерлан Қарин секiлдi ұлтжанды азаматтарға алғыс сезiмiн бiлдiрдi. Одан кейiн ол  өзiнiң жиырма жылғы жұмысының жемiсi саналатын бұл монографиясында «Алаш» партиясына байланысты барлық құжаттарды қамтуға тырысқанын айрықша атап өттi.
Кiтап жөнiнде пiкiр айтқан Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, тарих ғылымының докторы Хангелдi Әбжан монографиядағы деректемелiк негiздердiң молдығына тоқталып, олардың оқырманның танымдық көкжиегiн кеңейтуге игi әсерiн тигiзетiнiн нақты мысалдармен тұжырымдап бердi. Ол, сондай-ақ аталмыш еңбектiң әлi де жетiлдiре түсудi қажет ететiн тұстарына да автордың назарын аударды.
Ал Нәйла Бекмаханова өзiнiң осы кiтабына енген деректердiң 90 пайызы ғылыми айналымға бiрiншi рет түсiп отырғандығын жеткiздi. Кенесары көтерiлiсiн дәрiптегенi үшiн қуғын-сүргiнге ұшырап, өмiрден ерте кеткен атақты тарихшымыз Ермұхан Бекмахановтай асылдың сынығы саналатын Нәйла апамыздың Қазақстан-Ресей  қарым-қатынасының жаңа қырларын зерттеп жүргенiн көкiрегi ояу көпшiлiк жақсы бiлсе керек.
Кездесуде сөз сөйлеген зиялы қауым өкiлдерiнiң барлығы республикамыздан тысқары жүрсе де, ата-жұрттарынан ажырамай, ел тарихына байланысты елеулi еңбектер жазған қазақтың қос қызына шығармашылық табыс тiледi.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста