«ҰЛТ TIMES» атты апталық басылым жарық көрді

«ҰЛТ TIMES» атты апталық басылым жарық көрді

Отандық ақпараттық кеңістікте тағы бір басылым пайда болды. «ҰЛТ TIMES» – қоғамның қордаланған мәселелерін шешудің тың амалдарын ұсынуды көздейтін жаңа апталық газет.
Жаңа ба­сы­лым әр аптаның бей­сен­бі­сінде шығып тұратын болады. Апта­лық­тың та­ра­лымы – 20 мың дана. Қазақ бас­па­­сө­зінің қатарын толықтырған ақ­па­рат қ­ұ­ра­лының бас редакторы – Амангелді Қияс. Газет қоғамдағы түрлі мәселеге қатысты жан-жақты көзқарастарды таразылауда өзіндік ұстанымымен ерекшеленбек. Басы­лым түптің-түбінде елдің бірлігін сақтауға атсалысады. Жаңа апталықтың сырт көзге байқалар бір ерек­шелігі – айдарлары. «Жай-жапсар», «Қадір-қа­сиет», «Қым-қуыт», «Бүге-шіге», «Әл-ауқат», «Нақ­па-нақ», «Әңгіме-дүкен» сияқты қос сөзден тұра­тын атаулар әрі қазақы оқырманның ұғы­мына жақын, әрі мәселеге еріксіз назар аудартады. Басылымда қоғамға белгілі саясаткерлер мен саясаттанушылардың өз мінбері болады. Пікір айтамын дегеннің мүмкіндігі шектелмейді. «Уақытты біз тосқанмен, уақыт бізді тоса ма? Сонда не істемек керек? Алдыңыздағы су жаңа ба­сылым – «ҰЛТ TIMES» газеті осы мәңгілік сұрақ­тар­ға жауап іздейді. Соның жауабын тапқанда ғана біз ата-баба аманатының, Абай өсиетінің, Алаш тағылымының үде­сі­нен шыға алмақпыз. Соның жауабын тап­қанда ғана қазақтың дәуірі, ұлттың уақыты оңынан туады деп біліңіз» , – дейді газет ұжымы.
Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ, «ҰЛТ TIMES» га­зе­ті бас редакторының орынбасары:
– Журналистикадағы ең басты қағида оқыр­манға объективті ақпарат беру болса, дәл осы ұстаным біздің газеттің негізгі саясаты болмақ. Ұлт мүддесіне қызмет ететін кез келген ақпарат құралы негізгі міндетінен ауытқымауы керек деп ойлаймын. Жақсыны көре білумен қатар, келеңсіздікті де байқау қажет. Жаңа басылымның бар мұраты – осы ғана.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста