Ұлт ұлыларын ұлықтаған «Асылдарым»

Ұлт ұлыларын ұлықтаған «Асылдарым»

Ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығына орай «Аманат» журналының 200 том  кітап шығарудағы ұлағатты ойы оқырманға жол тартып жатыр. Солардың бірегейі – түркітанушы, әдебиет­тану­шы ғалым Мырзатай Жол­дас­­беков­тің «Асылдарым» атты кітабы жуырда жарық көрді. Алаш азаматын тол­ған­­дырған ойлар қаламы­нан ұлттың арда туған тұл­ға­­ла­рының бейнесін сурет­теу мен сағынудан тұратын портрет­тік очерктер болып төгіліпті.
«Ұлым» дейтін ел болмаса, «елім» дей­тін ұл қайдан болсын» деп қазақтың өзі айтқандай, елін сүйер ұлдары қашанда іл­ге­ріде өткен қазақтың біртуар тұлғалары­ның даналық қасиетін бойына сіңіріп, сөзі­нен тәлім алары хақ. Абайша сүйіп, күйін­ген, Жамбылша толғап, жырлаған, Тәукенің есімін ұран еткен, кен кеуделі Кененнің қа­с­и­етін алған, Мұстафаның қайраткерлігін, Баукеңнің күрескерлігін, Мұхтар Әуезовтің кесек тұлғалығын бойына сіңірген ұлт ұрпағы саусақпен санарлықтай ғана.
«Қайраткер «Асылдарымды» неге жаз­ды, неге атын дәл осылай атады» деген сұрақ туады. Оған Мырзатай ағаның өзі: «Өзімді керуені қара үзіп, елі көшкен жұртта қалғандай сезінемін. Баз бірде жан әлемімді айтып болмас мұң кеу­лей­ді. Ойласам-ақ, ішін өрт шалған ор­мандай боламын. Ағыл-тегіл сағы­ныш сазынан сарғаямын, жүрегім та­лады. «Қайдасыңдар, асыл ағаларым!» деп шарқ ұрып іздеу салғым келеді», – дегеніндей, қазақтың маңдайына біткен асыл­дарын, ардақтыларын сағынудан туған жазушы, замандас, іні, қазақтың қа­мын жеген бір ұлының жан тебіренісі еке­нін анық байқайсыз.

Ел тарихы мен Тәуелсіздіктің тағылымды жолы, ұлт азаматтарының тәлімді қасиет­тері туралы кейінгі буынға ой салар бір ең­бек­тің керек екендігін авторға айтып, «Ас­ы­л­­дарымның» шығуына мұрындық бол­­ған Иманғали Тасмағамбетов «Ұлы сағыныш кітабы» деп атаған кітапта: «Бұл – Тәуелсіз елдің Туын ұстап, бүгінгідей өркениет көшіне бет түзеп, шынды­ғы­мызға қиял-ғажайып ертегілер де іле­се алма­ған дәуірдің тұлғалары, – дей келе, – Осы күннің өкініші шығар. Бірақ осын­дай елдің сөзін ұстайтын, ертеңіне елеңдеп, бүгінін таразылайтын, кішіге аға, үлкенге тілекші болатын азаматта­рымыз санаулы», – деп, арқалы да арда туған тұлғалардың аздығын тілге тиек етіпті. Шындығында, ұлтымыздың ұранын қалыптастырған тұлғалардың ұлағатты өмір жолынан тәлім алмайынша, ұлт болып тік тұруымыз да екіталай екені айдан анық.
Кітапты оқып отырып, қазақтың әр аза­маты ұлтын осылай сүйсеші, ұлт мақта­ныш­тарының жүріп өткен жолы мен  кеуде­сін кернеген сөздерінен осылай өнеге  ал­сашы деп ойланбай  қоймайсың. Себебі «...жер ортасы жасқа келдік, қажыдық, жалық­тық, қылып жүрген ісіміздің баянсы­зын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік» деген адамзат Абайы­ның өзі не қыларын білмей дал болуын кітап авторы да: «Абайдың басынан кешкен азабын, көрген мехнатын, қорлығын мен бертінде, есейе келе ғана түсіндім, өз жүрегімнен өткізіп сезіндім», – дейді.
Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, түркітанушы, әдебиеттанушы ғалым:
– Негізгі мақсатым – ұлылықты дә­ріп­теу, байтақ тарихымыздан ерекше орын алатын қазақтың кемеңгерлерін, даналарын, рухани көсемдерінің кісілік қасиетін  халыққа кеңінен жеткізу. Им­пе­риялық саясат кесірінен өз жақсыла­ры­мызды түгендей, атай алмадық. За­ма­ны туғаннан кейін көкейде жүрген ойларды айтуға талпындық. Мәселен, «Шипагерлік баянын» жазған Өтейбой­дақ Тілеуқабылұлы – тарихтың құбылы­сы. Тәуке «Жеті жарғыны» жасатқан кезде атақты үш би, қарақалпақ биі, Өтейбойдақ секілді ұлыларды жинап алып, ақылдасқан. Бала кезімізде сөзге шебер, шешен аталарымыз «Сақ ата заманынан...» деп әңгімесін бастайтын. «Сақ ата» дегені – қазақты айтқаны, шынтуайтына келгенде, «қас сақ»  (қас батыр, қас сұлу) дегендегі «қазақ» – нағыз батыр деген сөз.
Осы кітаптағы Абай туралы жазға­ныма ұзақ жылдар ойланып, толғанып келдім. Абайды оқу аз, түсіну, ұғыну оңай емес. Абайдың өзі алдыртпайтын құдіреті бар.  Екі ауыз өлеңін жаттап алып, қайталау Абайды түсінгендік емес. Кейінгі бес жылда Абайды қазып, терең қарадым. Соның өзінде қашаған секілді ұстатпай қойды. Абай әр жыл мезгілінде әрқалай, басқа, түрленіп отырады. Абай туралы жазайын десем, көкірегім сайрап тұрғанымен, қаламым жүрмей қойды. Жұма күні «Нұр-Астана» мешітіне барып, найб-имамға Ибрагим Құнанбайұлына, бабаларына, анала­ры­на, балаларына, әйелдеріне құран оқуын сұрап, ниет еттім. Құран бағыш­таған жігіт: «Аға, мынау бір айтып жү­ре­тін оқиға болды ғой», –  деп таңғал­ды. Ертеңінде жазуға отырдым, қала­мым заулап жүріп кетті. Еңбектер көпте­ген тебіреністен туады. Бұл – бір менің ғана емес, қазақ халқының асылдары. Әр заманда қазақ тарихына ажар бер­ген, тұтқа болғандар.
Халықаралық «Абай» клубының AMANAT журналы мен 200 том кітап шыға­рудағы игі бастамасына ақ жол тілеген Н.Әбішұлы: «Кітап – ең сабырлы ұстаз. Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандық­тың, ақиқат пен жалғанның аражігін айнытпай танып-білуге үйре­теді. Кітап­ты аялайық, құрметтейік, кітап­қа адал болайық!» – деп ізгі ниетін білдірген-ді. 
Елдің сырғып өткен әр парағының ертеңгі күні тарих болып қалары анық. Ендеше, қазақ тарихының ақ парақтары ақиқат пен адамдықтан аттамаған, адалдық пен ар ісін ғана арқалаған нардай болса, қазақтың атына әлем де қанық болып, қазақтың өзі де мақтаныш етпек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста