Ұлттық ойындармен туризм нысандарын жасауға не кедергі?

Ұлттық ойындармен туризм нысандарын жасауға не кедергі?

Қазіргі жаһандану заманында әрбір ұлттың өзіндік бет-бейнесін айшықтайтын бір-ақ жолы бар. Ол ұлттық қадір-қасиеті мен әдет-ғұрпы. Осылардың ішінде ұлттық ойындардың ықпалы ерекше. Дегенмен, тәуелсіздігімізді алып, телпегімізді аспанға аттық десек те ұлттық ойындарымыз әлі күнге ойсылып тұрған сияқты. Мәселен қазіргі кезде ойын-той немесе белгілі бір атақты адамның мерейтойы болмаса ат шабыс пен қыз қуу, балуан күрес пен теңге алу сияқты ұлттық ойындарымыздың тынысы тарылып тұрғандай. Тек соңғы уақытта Қазақстан ұлттық арнасынан ұлттық ойынымыз «Көкпарға» және «Қазақстан барысы» жобасы арқылы қазақша күрестің кеңірек қанат жаюы көңілге медет болады. Ал, кемшін тұстарды «Алаш айнасы» ой елегінен өткізген еді.
Бұл орайда ұлттық ойындарымыз жойылып кете ме деген қауіп жоқ. Дегенмен, біздің айтпағымыз осы ұлттық ойындар арқылы отандық туризмді ұлттық айшықтарымызды қалыптастыру турасында болмақ. Сараптап көрейікші. Қазіргі ұлттық ойындардың жалпы еліміздегі жағдайы қандай? Қаншалықты деңгейде қаржы бөлінеді? Қолдайтын әрі қорғайтын қандай да бір ұйым бар ма? Бұл сұрақтар қазақпын деген әрбір азаматтың көкейінде жүргені анық. Бірақ жөппелдемеде ешкім жауап та бере алмайды. Себеп, ұлттық ойындар арқылы Қазақстанның туристтік дамуына дем беру жағы әзірге кемшін түсіп тұр.
Олай деуге себеп те бар. Мәселен басқа спорт  түрлеріне миллиондап қаржы бөлінеді. Тек Қазақстанның премьер-лигасында ойнайтын футбол клубтарына ғана бөлінетін қаржы 50 миллион АҚШ долларын құрайтын көрінеді. Оның қомақты бөлігі яғни 85 пайызы бюджеттің қоржынынан шығады.  Ал осынша қаржыны қомағайлана алып жатқан қазақ футболының үздік нәтижесі қане? Еуропалық клубтардың біріншілігіне еніп, іргелі клубтармен иық тірескен жалғыз клуб Қарағандының «Шахтер» клубы болды. Оның өзі орта жолдан ойыннан шығып қалды.
Басқа спорт түрлеріне бөлінетін қаражат көлемі де «қағанақты қарқ, сағанақты сарқ» ететіндей. Жүздеген миллиондар әрбір спорт түрлеріне бөлінуде. Бірақ, оның шығар нәтижесін ешкім есептеуге құлық танытпайды. Салыстыра кетсек қазақтың ұлттық спорт түрлеріне  бөлінетін қаражат басқа кез-келген  спортқа бөлінетін қаржының ширегіне де жетпейді. Тіпті оннан бір бөлігі де бөлінбейді екен.
Бұл ұлттық спортымызға көңілдің бөлінбеуінен екені айдан анық екенін айғақтап береді. Әрине, даяр асқа тік қасық болу әркімге оңай болатыны анық. Бірақ, ұлттық мүддені алдыңғы орынға қойып қаржы шығарып қазақ спортының жалпақ әлемге паш ету қолдан  әлі келмей тұр. Бәлкім, мемлекеттің арнайы қолдауы да қажет шығар. Бұл тұрғыда келгенде жоғарыдағылар кәсіпкерлерге жағдай жасамайды деген сөз емес. Бірақ ұлттық ойындар мен ұлттық туризмге келгенде кежегесі кейін кететін  сияқты.
Туризм демекші, дәл осы ұлттық ойындармен ұлттық туризм нысандарын неге жасамасқа? Жалпы еліміздің аумағын сырттай есептесек туристтерді әр бағытқа тарататын 700-ге жуық туристтік бағыт бар екен. Мәселен, Жетісуда 100-ге тарта, Маңғыстауда жүзден астам, Арқа төсі мен Бурабайда да сол шамада туристтік бағыттар бар. Бәлкім әрбір осы туристтік бағыттарда бір-бірден болсын ұлттық ойындары бар нысандар ашсақ. Бір жағы ұлттық ойындарымыз насихатталса, екінші жағынан туристтердің қазақтың этно-мәдени тұрмысы мен ұлттық ойындарымен танысуға мүмкіндік алар еді. Әрине, бұл жерде бәрі қаражатқа тірелетіні түсінікті. Дегенмен, мемлекет жергілікті әкімдіктер арқылы сол нысандарды кәсіпкерлерге жалға берсе, бұдан екі жақ та пайда көрмес пе еді. Ең бастысы ұлттық ойындарымыз туристтердің ауыздарының суын құртатын еді.
Марат ҚОЙШЫБАЕВ, Ақмола облыстық ұлттық спорт мектебінің директоры.
Әрине, ұлттық спорт түрлері арқылы туристтік сипатымызды ұлттық бояулармен нақыштауға болады. Бұл біздің жаһандық дамуда да өзіндік үлгіміз бен бет-бейнемізді көрсететін ерекшелік болар еді. Алайда, қаржының тапшылығынан ұлттық спортқа баратын балғындардың саны да азайып кетті. Өйткені, болашағы бұлыңғырлау болғандықтан,  Сондықтан, мемлекет қолдаса ұлт спорты мен қатар туризмді де дамытуға болар еді. Мәселен сол нысандарда қазақтың қымызы құйылып, алтыбақаны құрылып, киіз үйлері тігіліп тұрса, әрі ұлттық ойындар ойналса оған қандай турист келмейді? Бұл бір оқпен екі қоянды атқанмен бірдей болар еді.

Иә, ұлттық ойындарды ұлықтауға ұлт жанашырлары қолдау көрсеткілері келеді ақ. Бірақ олардың саны саусақпен санарлық сияқты. Әйтпегенде әлдеқашан ұлттық спортымызды өзіміз түгіл өзгелер өліп-өшіп үйреніп жүрген болар еді.
Өзгелер демекші шынымен өзге мемлекеттерде ұлттық спорт пен ұлттық ойындарының қалайша дамитынын саралайықшы. Мәселен, Жапонияның «Сумосын», Қытайдың «У-шуын», Кореяның «Таеквондосын» білмейтін адам кем де кем. Сонда олар ұлттық ойындарын әлемдік дәрежеге дейін қалай шығарған деген ой келеді. Расында қалай шығарған? Ресми ақпарат көздерінің дерегіне жүгінсек бұл елдерде ұлттық спорт түрлері мен ұлттық ерекшеліктеріне арнайы қаражат және оны басқаратын әрі бақылайтын орындар бар.
Тіпті мың жылдықтардан бері жалғасқан ұлттық ойындарын бүгінгі күнге дейін ұлттық мұрасындай етіп жаңғыртып келеді.
Мәселен, Кәрістерде «Ссирым» атты ұлттық күресінің пайда болғанына 1500 жыл толған. Дегенмен, ұлттық ойындарын ұмытпаған кәрістер осы спортты насихаттау мақсатында спорттың бұл түрін мектеп бағдарламасына да енгізіп қойыпты.
Әрине, ұлттық ойындарды туристтік нысандарға қосып, ұлттық туризмді қалыптастыру бір күнде айналдыру мүмкін емес. Дегенмен, мемлекеттен қаржы бөлініп, жергілікті  әкімдіктегілерге нұсқау берілсе үкілеген үміт орындалар ма еді. Кім білсін?!. «Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста