Ұлттық ойыншықтар мәселесі ойыншық емес!

Ұлттық ойыншықтар мәселесі ойыншық емес!

Ойыншық жасау үрдісі ежелгі заманнан бастау алған. Деректерге сүйенсек, сонау Мысыр елінде қыштан, балшықтан мүсінделген алғашқы ойыншықтар жасалғаны белгілі болып отыр. Яғни адам баласы ерте ғасырлардан бері ойыншық түрлерін жасап, сол арқылы баланың дамуына, санасының қалыптасып, алға ұмтылуына үлкен ықпал еткен. Қазіргі заманда сәбидің жасы мен қабылдау деңгейіне сәйкес сан түрлі ойыншықтар жасалып қана қоймай, ол бизнес көзіне де айналуда. Ойыншық шығарушы, әлем рыногын жаулаған алпауыт кәсіпорындар да аз емес. Қазір ойыншықтардың электрлендірілген, өзі қимылдайтын, жүретін, сөйлейтін түрлерімен ешкімді таңғалдыра алмайсыз. Ал біздің бүлдіршіндер немен ойнауда?
Бүгінде дүкен сөрелері мен базар жаймаларында тізіліп тұрған сапасыз қытай заттарына да көзіміз үйренді. Арзан болғандықтан халық ойланбастан сатып алып жатыр, ал сапасына мән беріп жатқандар аз. Жылтыратып, жарқыратып қойғанымен, түкке тұр­ғысыз пластмассадан құйылған, аз уақыт ішінде сынып, бүлініп қалатын, сапасы күмән туғызатын ойыншықтарды бүлдіршіндеріміз амал­сыз ермек етуде. Оған көнбеуге лаж жоқ, өйткені отандық ойыншық шы­ғару өндірісі қолға тіпті алынбаған. Ресейден келіп жатқан, экологиялық таза шикізаттан әзірленетін ойыншықтарды алуға тура келеді, дегенмен олардың бағасы қымбат. Дүкендерде, сауда орындарында тек қымбат бағалы сувенир ретінде дайындалатын ұлттық нақыштағы дүниелерді кездестіресіз. Олардың өзін туристер мен қалтасы қалыңдау адам­дар алмаса, қарапайым адамның қал­тасы көтермесі анық. Ал өзіміздің балалар ойыншығы өндірісі туралы бас қатырып ойланып отырған ешкім жоқ. Сонда бұл қазақ ұлтының өз ұрпағына, бүлдіршіндеріне деген селқостығы ма?
Отандық ойыншықтарды шығаруға қолдау жасап, осы өндірісті жандандыру баяғыда қолға алынатын шаруа еді. Бірақ әлі қозғалыс байқалмайды.
Балаларымыз Ресейдің шы­ғарған Вовасы мен Анясын қа­шанғы құшақтап жүретіні бел­гісіз. Көк көзді, сары шашты қуыршақтың бала санасына қаншалықты әсер етіп жатқанын ешкім зерттеп, зерделеп жатпағаны тағы анық. Олардың орнына неге шашы қос өрім болып өрілген, қарақат көз, аты қазақша қойылған, тіпті «әке, апа» немесе «ата, әже» деп дыбыс шығаратын қуыршақтар шы­ғар­масқа? Барбидің құрама жиынтығын емес, қазақша көйлегі, қазақша етігі мен тақиясы, сандық, жасаулары бар қазақ қызының бейнесі жасалса, қандай ғанибет болар еді?! Сол сияқты, мысалы, асықтардың жасанды түрін ойлап шығарса, балаларымызға кубиктермен ойнағаннан гөрі қызықты болар еді. Осылайша ойластыра берсе, талай идея туындары анық. Олқылығымызды толтырып, бір кәсіпкер немесе ұлтына, ұрпағына сәл жаны ашитын адам осы бағыттағы істі жүзеге асырар болса, қанеки!
Осы орайда ұлттық ертегілер мен анимациялық фильмдеріміздің әсері тағы бар. Сондағы ұлттық кейіпкерлер ойыншық етіп жасалатын болса, қазақ баласы ойыншық тапшылығын көрмес еді. Ойыншық арқылы сәби санасына көп нәрсені сіңіруге болады. Ал қазіргі балаларымыз ата-анасына Бэтман мен Шректің, Человек-пауктың қуыршағын алғызуда...

Шынар Айтмұханбетқызы, Астана қаласы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мүғалімі:
– Қазіргі заманда ойыншықтардың түрі өте көп, бірақ қазақы ойыншықтар жоқтың қасы. Мен бастауыш сыныптарға 10 жылдан бері сабақ беріп келемін. Қазіргі балалардың түсінігі, психологиясы мүлде өзгерген. Бір мысал айтайын, бір күні сабақ беріп тұрып, балаларға батырлар туралы әңгімелеп, олардың бейнесін көз алдарына келтіруге тырыстым. «Батырлар қару-жарақ асынып, елін-жерін қорғаған» деп түсіндіріп жатқанмын. Сонда оқушылардың бірінің мынадай сауал қойғаны: «Апай, сонда сол батырларымыз, қазіргі біздің Супермэн, Человек-паук па?» дегені. Қазір уақыт создырмай, ең алдымен, балалар анимациялық фильмдері, балаларға арналған ұлттық қазақи ойыншықтарды шығара бастауымыз керек. Бұл жағдайдың ұрпағымызды ұлттық-рухани тоқырауға ұшырататыны ащы шындық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста