Ұлттық өнердi ұлық тұтқан

Ұлттық өнердi ұлық тұтқан

Атадан аманатқа айналған ұлттық қолөнер қаншама ғасырдан берi ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келедi. Көне заманнан жалғасқан киелi дәстүр әлi күнге дейiн ұрпаққа ұлағат сыйлап келедi. Елдiң арасында темiрден түйiн түйген ұсталар, ағаштан ғаламат дүние жасайтын шеберлер бар. Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазiргi кезеңде қолдан жасаған бұйымдар көзден таса қалып жатқаны да жасырын емес. Дегенмен, әлi де әлеумет он қолынан өнер тамған жандарды жоғары бағалайды. Солардың бiрi – Сайдiлда Сәдуақасов ағамыз.
Ұлттық өнердiң жанашыры бала жасынан ұсталық өнерге ықыласты болыпты. Қазақтың “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлесiң” деген ғақлиясы тегiн айтылмаған болса керек-тi. Ұстаның атасы мен әкесi де жергiлiктi жұрттың қажетiне жарайтын дүниелердi қолдан жасай бiлетiн жандар екен. Жерден несiбе терген диқан қауымына кетпен, балта, айыр, диiрмен секiлдi керек-жарағын жасаған көрiнедi. Осындай отбасында тәрбие алған зерек бала балғын шағынан ұсталық өнердiң қыр-сырына қанығып өстi.
Ағамыз еңбекке ерте араласты. 1959 жылы сегiзiншi сыныпты тамамдап, Тереңөзек кентiндегi тұрмыстық өтеу комбинатына жұмысқа тұрды. Қашаннан да көргенiн тез зердесiне тоқып алатын қағылез бозбала жергiлiктi жұрттың ыстық ықыласына да бөленiп үлгердi. Алғашқыда сағат жөндеумен айналысқан ол кiсi өзге де қолөнер бұйымдарын жасаудан да шет қала қойған жоқ.
– Ұсталық – өте қызық өнер. Көздiң жауын алып тұратын дүниенi жасап шыққан сайын рахат күйге бөленесiң. Сол кәсiптiң қыр-сырына одан әрi қаныға түскiң келедi. Темiрден түрлi бұйымдар жасау мен ағаш жонуға асқан ептiлiк қажет етiледi. Болмаса, ойлаған дүниең ойдағыдай шыға қоймайды. Әрбiр iстi бастар алдында жасайтын дүниеңдi ойша жоспарлап аласың. Содан кейiн барып, жұмыс басталады. Жалпы, зергерлiк те, ұсталық та қаншама уақытыңды талап етедi. Осыған шыдамың жетсе, барлығы ойдағыдай шығады, – дейдi ол кiсi бiзбен әңгiмесiнде.
Соңғы жылдары елдiң арасында ұсталық өнер ұмытылып бара жатқаны жасырын емес. Қазiргi таңда көпшiлiк тұтынатын заттардың барлығы дерлiк техникаға қатысты болып отыр. Қандай затты қажет етсең де, алдыңнан табыла кетедi. Сол себептi елдiң арасында қолдан жасалатын дүниелерге сұраныс күрт азайып барады. Кейiнгi буынның арасында ұлттық өнердi үйренуге деген ынтаның төмен болып тұрғаны сондықтан шығар. Сәкеңнiң айтуынша, зергерлiкпен айналысуға шикiзат көзi де тапшы болып тұр. Бүгiнгi күнi күмiс теңгелер көзден ғайып болды. Ол бұрын зергерлiкке зер салатын адамдардың негiзгi шикiзат көзi едi. Күмiс теңгелердi қайта қорыту арқылы сақина-бiлезiк жасалатын. Тiптi, ер-тұрмандарға сқн беруге де ол кәдеге жаратылатын.
– Кезiнде елдiң арасында осындай қолөнер бұйымдары арқылы кеңiнен танылған азаматтар көп болды ғой, – дейдi Сайдiлда ұста. – Бiздiң Тереңөзек маңайында Құрманғали, Мамырай және Жұматай есiмдi зергерлер бар едi. Олардың жасаған бұйымдары халықтың игiлiгiне айналды. Атап айтқанда, әйелдерге арналған жүзiк, сақина, бiлезiк, шашбау, бойтұмар, алқа және өзге де зерлерлiк бұйымдар елдiң сұранысын өтеп жатты. Қазiр пышақ және шалғы секiлдi егiншiлерге қажеттi дүниелерге де сұраныс жоқ.
Ағамыздың ағынан жарыла айтқан әңгiмесi көпшiлiкке ой саларлық. Өркениеттi елдерде қолөнер бұйымдарына деген сұраныс өте жоғары. Қолдан жасалған дүниелер ол жақта үлкен сұранысқа ие болып отыр. Өкiнiшке қарай, бiзде әзiрге осындай көзқарас жетiспей жатыр деуге негiз бар. Мәселен, қазiр елiмiзге зергерлiк бұйымдар негiзiнен сырттан келедi. Ал өзiмiзде алтын қолды азаматтар аз емес. Оған қажеттi шикiзат та өзiмiзде жетерлiк. Қаншама қаржы өзгенiң қалтасын толтырып жатыр. Сондай орындарды өзiмiзде ұйымдастыра алмаймыз ба? Қазақ жерiнде металлдың түр-түрi бар. Арнайы шеберханалар ашып, онда шеберлердiң басын қоссақ, көздiң жауын аларлық қаншама дүние көпшiлiктiң кәдесiне жарар едi. Бiздiң елдегi шеберлердiң де зергерлiк саладағы жинаған тәжiрибесi мол. Олардың осындай көп жылғы еңбегiн жас ұрпақ бойына сiңiре алсақ, атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнер өркенiн жая түсетiнi айқын.
– Мен темiрден талай бұйымдар жасадым. Әрине, оны таңдау да оңай түсе қоймайды. Әрбiр шикiзаттың қасиетiне зер салмаса тағы да болмайды. Темiр екен деп, кез келгенiн кәдеге жарата алмайсың. Мәселен, оны қолыңа ұстап тұрып тастап жiберсең, жерге өзiндiк дыбыс шығарып құлайды. Сол шыққан дыбыстың өзiнен оның қандай бұйымға жарамды екенiн аңғару қиын емес. Темiрден түйiн түйген ұсталар оны суару әдiсiне де ерекше мән берген. Оны отқа сала отырып, егеумен жүзiн тегiстейсiң. Осылайша бiраз уақытыңды сарп етесiң. Егер қолыңдағы егеу темiрдiң жүзiнен тайып кетiп жатса, онда жұмысты тоқтату қажет. Ол жасаған бұйымың дайын екенiнен хабар бередi, – дейдi С. Сәдуақасов.
Ол кiсi кейбiр металдардан бұйымдар жасау жайында бiзбен сыр бөлiстi. М»селен, күмiстi ерiту барысында өте сақ болу талап етiледi. Өйткенi, оның қасиетiне назар аудармасаң болмайды. Алдымен күмiстi ерiтiп алғаннан кейiн оны арнайы қалыпқа құяды. Содан кейiн отқа қайта қыздыра отырып оны жалпайтады. Осыдан кейiн ғана жасайтын дүниеңе қарай ыңғайлауға болады. Сақина және жүзiк жасайтын болсаң, ерiтiлген күмiстi соған лайықтайсың. Осыдан кейiн талайдың таң қаларлық зергерлiк бұйымдар дайын болады.
Сайдiлда ағамыз ағаштан да түрлi дүниелер жасаумен айналысады. Ұстаның қолынан шыққан түрлi заттар кезiнде көпшiлiктiң кәдесiне жараған едi. Әйтсе де, соңғы кездерi оған да қажеттi шикiзаттың азайып барады. Сыр бойындағы түрлi ағаш түрлерiнiң қатары кемiдi. Сондықтан ұсталар оларды өзге жақтан алдыруға мқжбүр болып отыр.
– Жалпы, қолөнерге дұрыс көзқарас қажет-ақ. Кезiнде облыс орталығында осы мақсатта арнайы шаралар өтiп тұратын. Осындай шараға бiздiң ауданның өзiнен 60-қа тарта адамның қатысқанын қлi күнге дейiн ұмыта қойған жоқпыз. Дегенмен, қазiргi таңда қолөнерге бұрынғыдай жоғары көзқарас болмай жүргенiн жасыра алмаймыз. Шетелден келген меймандар осындай дүниелерге таңдай қағып жатқанын талай мқрте көрдiк қой, – дейдi С. Сәдуақасов.
Ел iшiнде осындай он қолынан өнер тамған азаматтар аз емес. Қрине, олар жасаған дүниелерге оң баға бере отырып, қолдан келгенше қамқорлық танытқанымыз орынды болар едi. Осының арқасында кейiнгi ұрпақ бойында атадан аманатқа айналған ұлттық өнердi қайта жаңғыртып, оны одан қрi дамыта түсуге жол ашылар едi.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста