Ұлттық тәрбие тіні шежіреде жатыр

Ұлттық тәрбие тіні шежіреде жатыр

Ұлт ұрпағына тәрбие беруде өткеннің қайнарынан нәр алып, яғни ата-бабамыздың бала тәрбиесіндегі асыл қасиеттерін келешек жастарға жеткізе отырып тәрбиелеуіміз қажет. Біздің ата-бабамыз қайдан, қалай келді, қандай адамдар болды дегенді ғылым арқылы танып-біліп, оларға түсіндіруіміз керек. Сонда ғана біздің болашағымыз баянды, келешегіміз кемел болмақ. Шежіре тарқатқан қазақ тәрбие мен денсаулықты әмәнда бірінші орынға қойған.

Жастарымыз жеті атасын біле ме?
Шежіре, бұл – тікелей ер адамнан тарайтын ұрпақ бойынша ататекті жазбаша ұсынатын қазақтардың, сонымен қатар өзге де түркі тектес халықтардың генеа­ло­гиялық кестесі. Шежіре (арабша шаджара – бұтақ, тармақ) – халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы. Шежіре, шын мәнінде, ру­дың, тайпаның, халықтың тарихының құрамдас бөлігі. Тарихи ата салты бар халықтар жеке отбасының, әулеттің, атақ­ты қолбасшы, мемлекет қайрат­кер­лерінің шежіресін жасауды салтқа айналдырған. Шығыста бұл салт Қытай елінде өте ерте дамыған. Онда сол мемлекетте, көрші елдерде күнбе-күн басты оқиғалар «хро­ника» есебінде жазылып отырған. Осылай өз тарихының деректі негізін жасаған. Көрші Ресейді патшалардың, текті сосло­вие­лердің, жеке дворян әулеттерінің шежіресін жасау салты қалыптасқан.
Қазақ халқында ата шежіресі ерте кезден бар. «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген ер жеті рулы елдің қамын жер, жалғыз өзін білген ұл құлағы мен жағын жер» деген аталы сөздер – соның айғағы.
Жеті атада үлкен сыр бар. Әрбір ұрпақ­тың арасын 25-30 жастан десек, ол –175-210 жыл. Бұл – бір адамның жеке басының тағдыры арқылы оның ата тегін білетін, өз ортасының белді мүшесі екенін байқататын фактор. Шежіре арқылы оның тегі, ата­қо­ны­сы, Отан қорғаудағы орны т.б. бол­­мысы білінетін болған. Қазақ жігітінің үш жұрты бар: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Шежіре де осы үш жұрттың динамикасын көрсетіп, соның нәтижесінде барша халықты тану қалыптасады. Бұл дегеніңіз тұтас бір ұлттың, халықтың тари­хи сырын ашуға бірден-бір қажетті дәйектер болмақ. XIII ғасырда Алтын Орда хандары шежіре тарқатуды бекзат өнердің бірі ретінде бағалап, хан тұқымдарының шыққан тегін жақсы желілеп, мүдірмей айтатындарды сарай шежірешісі деп ардақтап отырған. Шежірешінің беделі әр кезде ел билеген әкімдерден кем бол­маған. Оған қоса шежіре – тірі тарих. Шежірені тарам-тарам таратып отыратын қарттар қай атаның тұсында қырғын бол­ға­нын, қай атаның тұсында жұт болғанын, қай атаның тұсында қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болғанын қолмен қойғандай етіп айтып отырады. Өкінішке орай, ондай қарттар қазір жоқтың қасы.
Ал XV ғасырдың ортасында Керей мен Жәнібек хандар дербес Қазақ мемлекетін құрған кезде шежіреге одан сайын мән беріп, оған бекзат өнер деп қана қарамай, ішкі астарына үңіліп салауаттылыққа бас­тай­тынын түсінуге тырысты. Елдің негізгі тірегі ұлт болса, оның ұрпағының сау болуы елдің дамуы үшін өте маңызды еке­нін жақсы түсінді. Мемлекетті нығайтудың бірден-бір жолы қоғамның әрбір мүше­сінің денінің саулығында екенін бас­шы­лыққа алып, билер кеңесімен мақұл­да­нып, бүгінгіше айтқанда, арнайы тұжы­рым­дама дайындалды. Ол неден, қалай басталып еді – соған тоқтала кетейік.
Бірде Әз-Жәнібек хан кеңесшісі Жиренше шешеннен әр нәрсені сұрап отырып, одан: «Бізде қара үзген шипагер бар ма?» – деп сұрайды. Сонда Жиренше: «Тақсыр, өзі білгі – алдыңызда, білмесеңіз – қарызыңызда тұр» дейді ғалымды нұсқап. Хан назарын ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлына аударып, шипагерліктің өзекті мәселелері туралы жан-жақты сұрап отырып, бір кезде: «Сырқат қалай пайда болады? Оның жазылмайтын қандай түрлері бар?» дегендей бірнеше сауал тастайды. Ғалым ханның сауалдарының бәріне де мүдірмей жауап беріп, аурудың пайда болуы, оның таралуы және сырқат­тарды емдеудің тәсілдерін қолмен қойған­дай етіп түсіндіріп береді. Өтейбойдақтың берген жауабына ханның иланып ден қой­ғаны сонша – ғалымның дәлелдеген кейбір ғылыми анықтамаларын бірден қолдайды.
Сөз арасында шипагер Өтейбойдақ ханға ұрпақ тазалығы мен денінің саулығы үшін «Жеті атаға толмай үйленбеу, жөн-жосықсыз сүйіспеу және неке тазалығын сақтау» туралы ұсыныс айтады. Шежірені сақтамай, жеті атаға толмай қыз алысса, ұрпақтың кемтар, жарымжан болып қала­тынына көзі жетіп, сол сәтте-ақ бұл қағи­даны басшылыққа алып, дереу хатшы­ларын шақырып: «Күллі Алаш ұранды бұқа­раларымның өздерінің және ұрпа­ғы­ның мінсіз болмағы шарты үшін... жеті атаға толмай қыз алысқандар бүгіннен бас­тап болмауы шарт» деген жарлығын жаздырып, «алтын мөрін басып», қолма-қол шабарман аттандырып, жарлықты атқаруды уәзір Жарнамаға бұйырады («Шипагерлік баян» Ө.Тілеуқабылұлы, қолжазба, 54-бет).
Сонымен сонау Әз-Жәнібек ханнан бастау алған жеті атаға дейінгі өзінің ата-бабасын білу әрбір қазақтың ұлы мен қызына міндетті саналуына түрткі болған – қазақтан шыққан ғұлама, әмбебап ғалым  Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388-1478). Оның бұл ойы Жәнібек хан тарапынан қолдау тауып жүзеге асқаны туралы өз еңбегінде де айтып кетеді. Ғалымның «Шипагерлік баян» атты 5 ғасыр бұрын жазылған кітабы араға талай қиын кезеңді салып бүгінгі күнге жетіп отыр. Оқырмандарға осы кітапты тауып алып, оқуға кеңес беремін. Осыны оқи отырып, кезіндегі ата-бабаларымыз жаратылыстану, биология ғылымын бірсыдырғы білгендігіне таңғалмасқа шара жоқ.   
Генетикалық сауатымыз қай деңгейде?
Халқымыздың қайсар рухты, дастар­қаны мол, жатты бауыр санайтын ұлы қасиеті, тұқымымыздың тазалығы мен рухының биіктігі – жоғарыда сөз болған жарғы талаптарының орындалуынан. Осы уақытқа дейін ұмыт болған бұл жарғыны тек әрбір әулеттің ақсақалдары ұлына, одан немересіне өнеге-өсиет ретінде қалдырып, аманаттап отырған. Бір өкініштісі – бүгінде осының мән-мағына­сын дұрыс түсінбей жүрміз. Сөйтіп, күн­нен-күнге ұмытылып, ұрпағымыз азып-тозуға айналды. Жастардың бір-бірін толық түсінбей, өз руынан, яғни жеті атаға толмаса да үйленіп, ажырасып жатуы. Я болмаса туған баланың, әлжуаз, жасық, жігерсіз болып туылуы немесе, ең сорақысы, жақын аталастардың неке­ле­рі­нен құбыжық (мутант) сәбилердің дүниеге келуі – соның айғағы. Оған экологияны қосы­ңыз. Енді не істемек керек?!
Бүгінгідей жаһандану заманында бала­ларымыз, жасөспірімдеріміз бен жас­та­ры­мыз­дың толыққанды білім алуларына барлық мүмкіндік бар екендігі белгілі. Балаға өз шыққан тегін баяндайтын шежі­рені заманауи әдістерді қолдана отырып үйрету керек. Яғни күнделікті қолданыстағы үйдегі теледидарға, ұялы телефонға, интер­нетке жұртты қызықтыру үшін шежі­реге қатысты түрлі телехабарлар мен бағдар­ламаларды әзірлеп, сол арқылы өзінің шын мәнінде текті халықтың ұрпағы екендігін санасына нұрлы ақылмен сіңіру қажет. Бұл өте үлкен кешенді жұмысты қажет етеді.
Қазақтың ұлттық ұрпақ тәрбиесінде сонымен қатар тыйым сөздерге ерекше мән беріліп, оның орындалуын қатаң қадағалаған. Ал осы тыйымдардың дұрыстығын бүгінде генетика ғылымы толық­тай дәлелдеп, әлемдік деңгейдегі үздік зертханаларда жүргізілген ДНҚ сынақ нәтижелері нақтылап отыр!
Ұрпақ алдындағы осындай келелі зерттеу ісін жүзеге асыруға жақында Алма­тыда ашылған Shejire DNA орталығы бел шешіп кірісіп отыр. Орталық ұсынатын генетикалық сынақтар, ата-тегіңізді анық­тауда 99,9% нақты дәлдікті көрсетіп, сіздің шығу тегіңіздің толық картинасын көз алдыңызға әкеледі екен. Ғылыми орталық ашылған сәттен бері көптеген адамдарды сынамалай отырып, қазіргі уақытта бай мәліметтер базасына ие болып, өз кезегінде келушілердің генетикалық туыстарын табуға мүмкіндік беруде. Кезін­де өз шежіреңді түзуге тек қана ауызша және мұрағаттардағы мәліметтер арқылы ғана мүмкін болса, енді туыстық қаты­настарды тексерудің заманауи тәсілі – тек ДНҚ сынамасы көмегімен ғана орындауға болады.
XX ғасыр физика ғасыры болса, XXI ғасыр – биотехнологиялар ғасыры! Енде­ше, осы ғасырда тарихтан тәбәрік болған шежіреге ұлт болып, қоғам болып, мән-мағынасын арттырып өмірлік қажеттілікке жаратуды ойластырғанымыз жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста