"Ұлымның әкесі емес": Байзақова кімге тұрмысқа шығатынын айтты (видео)
Айжан Байзақова үлының әкесіне тұрмысқа шығайын деп жатқан жоқ екенін жайып салды. Атышулы ару мүлде басқа адамның әйелі атанатынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл мәліметпен отандық блогер өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Ол ұлының әкесін тоймен құттықтай бастаған қауымға, өзінің мүлде басқа адамның жары атанғалы жатқанын алға тартты.
Байзақова ел арасындағы қауесетке нүкте қою үшін арнайы видеоүндеу жолдаған.
"Достар, мен осы уақытқа дейін үндемей келдім. Үндемей-ақ қояйын дегенмін. Бірақ, соңғы кездері сіздер ұлымның әкесін тоймен құттықтай бастадыңыздар. Алайда, мен оған тұрмысқа шығып жатқам жоқ. Өтініш, оған тиіспеңіздер. Менің болашақ жолдасыма да тиіспеңіздер. Ал құттықтап жатқан жандарға үлкен рахмет" , - деп айтқан видеода ару.