Ұлын танымал әншінің баласы деп жар салған продюсер көпшілікке жауап берді (фото)
Отандық продюсер Жанна Абуова жуырда ғана эфирге шыққан "Ұят емес" бағдарламасына неліктен барғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
Ол өзінің желідегі парақшасына жазба қалдырды.
""Ұят емес" бағдарламасынан кейін, түрлі пікірлер көбейіп кетті (қолдау, қорғау, мін тағу), бағдарламаға барғаныма өкініп қалған сәт те болды. Ол жерге барған басты себебім - өзімді жарнамалау емес, жұлдыздың "жұбы" болуға асыққан қара көздердің көзін ашу еді.
Көпке топырақ шашпаймын, бірақ, жарты жолда тауы шағылып, жолы екіге кетпеу үшін. Қазақтың өмірі, мұңы, арманы, аманаты, үміті, тарихы... Бәрі-бәрі қазақ қызының кірпігінде тұрады, сол себепті менің жасаған қадамымды қайталамаса екен деген үміт.
Тіршілікте адам араздығынан, реніш наразылығынан, ынтымақсыздықтан бой жиып, әрекет емес, береке-бірлікке ұмытылайық! Ұлт бойындағы тектілікті тірілтейік!
Айта кетер соңғы сөзім, сіздер ұсынған азаматтардың ішінен баланың әкесі табылмады! Ал, енді бұл тақырыппен қош айтысып, шығармашылыққа кірісейік. Бізден жаңа əн күтіңіздер. Қуантар жаңалығымыз көп!", - деп жазды ол.