Ұлықпан Жолдасовтың ұлы Болат жайлы шындықтың беті ашылды
Ұлықпан Жолдасовтың әйелі Айған ұлы мен келіні бұдан үш жыл бұрын ажырасып кеткенін айтты. 2014 жылы шаңырақ көтерген Болат Ұлықпанұлының жұбайымен дәм-тұзы жараспаған деп жазады NUR.KZ.
Бұл туралы Айған Жолдасова Instagram желісінде жазды. Ұлы Болатты туған күнімен кұттықтаған ол желідегі парақшасына отбасылық мерекеден видео жүктеді.
Айған Жолдасова жүктеген видеода Димаштың ата-анасы Болатты туған күнімен құттықтау үшін Жолдасовтардың үйіне келгенін көруге болады. Өздерімен бірге үлкен гүл шоғын әкелген олар шаңыраққа келін түсуіне тілектестік білдірді.
Алайда олардың бұл тілегін оқырмандары түсінбей, әлек болды. Себебі Болат Жолдасов 2014 жылы шаңырақ көтеріп, сәбилі болған еді.
"Келініңізді неге көрсетпейсіз?", " Осы енелер қандай?", "Келініңіз қайда?", "Айтбаевтардың тілегін түсінбедік, бұл үйде келін бар емес пе?", - деп жазды олар.
Оқырмандарының толассыз сұрақтарына нүкте қоюға бел буған ана шындықтың бетін ашты.
Ол келіні мен ұлының 3 жылдан бері бірге тұрмайтынын жеткізді.