Ұлытау ұланының туғанына – 80 жыл

Ұлытау ұланының туғанына – 80 жыл

Көрнекті жазушы-публицист, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ киносы мен телевизиясының талантты ұйымдасты­рушысы Камал Смайылов тірі болса, биыл 80 жасқа толар еді. Сегіз қырлы, бір сырлы азаматты еске алу кеші Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемле­кеттік филармониясында өтті.
«Қазақфильм» киностудиясының ұйыт­қы болуымен өткізілген әдеби-сазды кешке Жазушылар одағының төрағасы Нұр­лан Оразалин, «Қазақстан» корпо­ра­ция­сының басқарма төрайымы Нұржан Жа­лауқызы, Шәкен Айманов атындағы «Қа­зақфильм» АҚ президенті Ермек Аман­шаев, «Ел арна» телеарнасының директоры Ай­гүл Мүкей, «Атамұра» корпорациясының пре­зиденті Рахымғали Құл-Мұхамед, Та­ғам­тану институтының директоры, ака­де­мик Төрегелді Шарманов, Қазақстанның ха­лық әртісі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның ха­лық жазушысы Шерхан Мұртаза, «Қазақ га­зеттері» ЖШС директоры, жазушы Жұ­ма­бек Кенжалин, ақын Жүрсін Ерман, ақ­па­раттың ақ мылтығы Нұртілеу Иман­ғалиұлы, жазушы Дидар Амантай және тағы басқа қазақ өнері мен әдебиетінің, баспасөз бен теледидарының көшбасында жүрген ірі тұлғалар қоғам қайраткерінің рухына тағзым ете келіпті.

Талантты режиссер Жаңабек Жетіруов­тың күллі қазақтың түп қазығы, орда тігер ор­талығы – қасиетті Ұлытаудан түлеп ұш­қан дарынның өмірі мен шығармашылығы ту­ралы әсерлі деректі фильммен басталған ша­ра көрерменді ән мен күйдің бесігінде тер­бетті. Әнші Ерлан Төлеутай Ақселеу Сей­дімбектің «Сарыарқасын» шырқаса, қо­быз­шы Саян Ақмолда Ықыластың «Ер­ден» күйін қобыздың қыл шегімен боз­датты. Белгілі күйшілер Мұрат Әбуғазы (Ха­лық күйі «Ақсақ құлан») мен Нүркен Әші­ров (Нұрғиса Тілендиевтің күйі «Әл­қисса») қара домбыраның құдіретті қуа­тымен көпшілікті дүр сілкіндірді. За­ман­ы­ның заңғар тұлғалары Шерхан Мұртаза мен Камал Смайыловтың бір-біріне бас­па­сөз арқылы жазған әйгілі хаттары тура­сында шағын қойылым да халықтың көңіл пер­несін дөп басқандай әсер етті. Шара соңында ұлық тұлға рухына арналып ас берілді.
Асанәлі ӘШІМОВ, Қазақстанның халық әртісі:
– Иық тіресіп қатар жүрген Камал Сма­йылов, Шерхан Мұртаза, Әзірбай­жан Мәмбетов, Шота Уалихановтар на­ғыз қазақтар еді. Әр халықтың көшін ал­ға сүйрейтін қадау-қадау тұлғалары бо­лады. Сондай қазақтың ірі пер­зент­терінің бірі – Камал Смайылов. Оның «Қа­зақфильмді» басқарып тұрған кез­дегі жасаған жұмыстары – мәңгілік азық болып келеді. Ол «Қазақфильмді» бас­қарған жылдары «Қыз Жібек», «Ме­нің атым – Қожа», «Құлагер», «Тақиялы пе­ріште», «Атаманның ақыры» тәрізді үз­дік дүниелер жарыққа шықты. Ор­та­лықтағы басшылар «Қыз Жібекті» эк­ран­дауды қырғыздарға бермек болып, «қа­зақтар – аграрлық ел, олар ауыл­ша­руашылығын жетістіріп түсіріп ал­сын» дегенде Камал бар күшін салып «Қыз Жібекті» режиссер Сұлтан Қо­жы­қов­қа алып бергені әлі есімде. Оның қа­зақ руханиятына сіңірген еңбегі ора­сан.

Төрегелді ШАРМАНОВ, академик: 
– Камал екеуміздің достығымыз бас­тауыш сыныптан басталып, өмір бо­йы жалғасын тапты. Оның ақкөңілдігі, адал­дығы, әділдігі айнымас темір­қа­зықтай көрінетін. Қазақтың «қайда жүр­сем жақсының жанындамыны» ті­ке­лей Камалға қатысты сияқтанады да тұ­рады. «Қазақфильм» директоры жә­не Госкино төрағасының орынбасары бо­лып жүргенде, ол көркемдік кеңестің мү­шелері атақты Ғабит Мүсіреповты, Шә­кен Аймановты, Әбдіжәміл Нұр­пе­йісовті, Олжас Сүлейменовті, Қалтай Мұ­хамеджановты, Әнуар Әлімжановты жә­не тағы басқа қазақ мәдениетінің мар­ғасқаларын ұйымдастырып іс жүр­гізе білді. Нағыз таланттардың жар­қы­рап көрінуіне барынша жағдай жасай біл­ді. Кеңестік жүйе құрсауының өзінде ұлттық мүддеге берік болды.

Шерхан МҰРТАЗА, жазушы:
– Қазіргі кен шығып жатқан Жезді же­рі бір кездері Камалдың бабасы Бабырдың иелігінде болыпты. Сол Ба­бырдың асыл текті сойы еді – ол. Ұлтқа адал қызмет етудің жарқын үлгісін көр­сетіп кеткен азаматын Алаш жұрты ұмыт­пақ емес. Оның іске мығым, те­ле­гей теңіз білім иесі екендігін бәрі біледі. Ал досқа беріктігі де – бір төбе. Жү­рек­тегі дертіне қарамастан, ауруханада жат­қан жан досы Төрегелдінің жағ­дайын сұрай барып мәңгілікке сапар шек­кені – соның айқын дәлелі.

Сәлім СМАЙЫЛОВ, Камалдың ұлы:
– Әкемнің уақытының көбі жұмыста өтетін. Бір анығы – ешкім туралы жаман сөз айтпайтын. Тіпті өзіне қастандық жасаған адамдар жайында да жағымсыз көзқарасын білдіре бермейтін. Әсте өзі талантты болған соң, күңкіл сөздерге мән бермейтін болуы керек. Оның өмірге құштарлығы керемет еді. Мені жазда Ұлытаудағы әжеме жіберіп тұратын. Қазір бақсам, қазақы тәрбие алсын деген оймен сөйтеді екен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста