ҰҚК қызметкерлері туралы телехикая көрермен назарына ұсынылады

ҰҚК қызметкерлері туралы телехикая көрермен назарына ұсынылады

16 желтоқсан күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Арнайы өкілдер» атты көпсериялы телехикаяның тұсаукесері өтеді.
«Арнайы өкілдер» - бүгінгі күні отандық арнайы қызметкерлердің қалыптасуы және кәсіби өсуі туралы сыр шертетін детективті кино жанрында түсірілген қазақстандық көркем хикая. Телехикаяның әрбір бөлімінде жаһандық қауіпсіздік жүйесінің қолданыстағы тенденцияларының биігінен көрінген қазақстандық барлау және қарсы барлау қызметкерлерінің образдары әмбебап мамандар ретінде ашылады.

Әрбір серияда ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің бүгінгі қызметкерлері мемлекеттік қауіпсіздіктің халықаралық жүйесіндегі ең заманауи үрдістегі бірегей әмбебап маманы ретінде бейнеленеді.

Көрермендер 90 жылдары бастау алып, ҰҚК органдары қызметкерлерінің түрлі тағдырларымен қиылысып, бүгінгі күнге ұласқан оқиғалардың куәсі болады. Оқиғаның ары қарай қалай өрбитінін болжау мүмкін емес. Себебі сюжет қылмыстық детектив жанрының үздік тәжірибесіне құрылып, оқиғалар күтпеген жерден өзгеріп, шиеленісе түседі.

Хикаяның бас кейіпкерлері - Қоңыровтар офицерлер әулетінің өкілдері. Әулеттің үлкені құрметті демалысқа шықса, кенжесі өзінің қызметтік мансабына жаңадан кіріседі. Аталған оқиға бір әулетпен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде қызметін адал атқарып келе жатқан ҰҚК түрлі ведомстволарының қызметкерлері мен әскери қызметкерлері - талдаушылар мен оперативтік қызметкерлер, арнайы қызмет өкілдері мен шекарашылар туралы сыр шертеді.

Кейіпкерлер арқылы хикая авторлары ұлт тағдыры отандық арнайы қызметтің ақылды, сенімді және батыл өкілдерінің қолдарында болғанда халықаралық терроризм қауіп-қатерінің елемізге төнбейтінін алға тартады. Фильм жас ұрпақтың бойында әскери-патриоттық сезімді тәрбиелеуге және азаматтық қоғамның қарсы барлау санасын қалыптастыруға бағытталған. 

www.inform.kz/kaz/article/2849238

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста