«Үркер» – үміт жұлдызы

«Үркер» – үміт жұлдызы

Уақыт өткен сайын қазақ баспасөзі саннан сапаға қарай бет алып барады. Хат танитын халықтың бәріне бірдей мәжбүрлі түрде газет-журнал оқытатын заман келмеске кетті. Әркімнің өз таңдауы бар. Тіпті қазір кез келген кәсіп иесіне арналған салалық басылымдар да жеткілікті. Ол да қажет.

Қазақ баспасөзінің айдынына ескегін енді ғана салған «Үркер» қоғамдық-саяси, әдеби-мәдени журналы да ұлт рухын тіктеу мақсатында дүниеге келген басылым. Бас­ты нысанасы сөз өнері аталатын әдебиет ауылына жаңа қадам басқан жас перілерді насихаттау болғанымен, бұл аталған басы­лым­ның арқалар жүгі әлдеқайда ауқымды. «Ұлт тағдыры», «Жебе», «Аққан жұлдыз», «Ұйқым келмейді» сияқты айдарлар арқы­лы жарық көретін өткір мақалалар оқырман қауымды қашан да бейжай қалдырған емес. Аталған айдарлардың мазмұнын ашып, тіл қышуын қандыратындай салмақ­ты дүниелер табу қашанда қиын. Әйтсе де әрекетсіз қарап отыруға тағы да болмайды. Тісқаққан журналистердің бүгінде қолы босы аз. Осындайда біз қолына енді ғана қалам ұстап, жазған-сызғанын жалпақ жұрт­тың талқысына ұсынуға жүрексініп жүрген жас перілерді редакциямызға шақы­рамыз. Имене босағамызды аттаған сол жас өрендердің ішінде де келешегінен зор үміт күттіретіндері баршылық. Аз уақыттың ішінде «Үркер» солардың біразын оқырманға танытып үлгерді. Мұндай үрдіс жалғасын таба бермек.
«Үркер» – қазақ басылымдарының ара­сында алғаш болып SMS хаттарды жариялаған журнал. Онда да тұзы татымас өсек-аяңды емес, өлең тілімен өрілген хаттарға орын берді. Айтыскер ақын Ақмарал Леубаева мен әнші-сазгер Роза Әлқожаның SMS хаттары өзінің ойлылы­ғымен, әйел жанының көзге көріне бермес қатпарларын ашумен оқырманға жылы әсер еткенін білеміз. Ондай хаттарды алда­ғы уақытта да жариялап тұруға әзірміз.
Өнердегі, ғылымдағы, спорттағы қанша жас «Үркер» арқылы насихатталғанын мақ­та­нышпен айта аламыз. «Тұңғышқа» тұғыр болған біз – бір үйміз» демекші, олардың көбісі – баспасөз бетінде тұңғыш рет жарияланғандар. Сондай-ақ әдебиет ауылын жағалаған жас қаламгерлердің тырнақалды туындылары үнемі «Үркердің» бетінде жарық көріп келеді. Қанатын қом­дап, қасиетті өнердің жалына жармасқан жастарға ақ жол тілеп, арман-мақсаттарына жетуіне осылайша дем бергенімізге өзіміз де қуанамыз. Бір сөзбен айтқанда, «Үркер» – тұңғыш дүниелерді жариялауға құштар басылым. Көз жазып қалғыңыз келмесе, бұл басылымды іздей жүріңіз, құрметті оқырман!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста