Үржар ауданынан Алтын адам табылды

Үржар ауданынан Алтын адам табылды

Сүйінші, қазақ елі! Қазақ жерінен тағы бір алтын адам табылды. Нақтырақ айтсақ, алтын адамның сүйегі Үржар ауданының Таскескен-Бақты тас жолының бойындағы Лайбұлақ және Жаңа тілек ауылдарының орта тұсынан табылды. Семей педагогикалық институтының профессоры, тарих ғылымының кандидаты осындағы қазба жұмысын жүргізген студенттердің жетекшісі Амантай Исаұлы Исин: «Мұны III-V ғасырлардағы қола дәуірге, тіпті ғұн-сарматтар заманына жатқызуға болады», – дейді.
Бұл алтын адамның ерекшелігі қандай? Зерттеуші ғалымдардың айтуынша, бұл алтын адамның Есік қорғанынан табылған алтын адамдікіндей басындағы сәукелесі мен үстіндегі киімі әжептәуір, сүйегі сол қалпы жақсы сақталған. Бәрі де алтын зер­лі. Құлағында – алтын сырға, басында – алтын сәукеле. Жарма қылып қазған көрдің жан-жағын, төбесін, енін қалыңдығы 10-15 сантиметрдей жалпақ тастармен жауып, қоршапты. Мүрденің төбесі батысқа қара­ға­нымен, басын солтүстікке бұрып жерле­ген. Аяқ жағында қойдың сүйектері мен қыш­тан, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар, бас жағында алақандай домалақ жалпақ тас жатыр. Экспедиция жетекшісі Темір Нұр­­ланұлы Смағұловтың жорамалы бо­йын­ша бұл «құрбандық тасы» деп атала­ды. Яғни мәйіт жерленгеннен соң тастың үс­тіне май шам қойылуы мүмкін. Бұдан өзге сол­түстік-шығыс жақ іргесіндегі бөлек зираттан тағы бір мәйіт шыққан. Оның басы, қолы кесіліп тасталған. Ғалым­дар­дың пайым­дауын­ша, бұл ханшайым­ның құлы, бәлкім, күңі болуы да мүмкін. Сақ за­маны билеу­шісінің қызы болуы да мүм­кін деген. Бұл алтын адамды зерттеуші ға­лым­дар «Үр­жар хан­шайы­мы», – деп отыр. Амантай Исаұлы: «Қазақ ғылымы мен мә­дениетіне үлкен жаңа­лық әкелетін бұл құн­ды жәдігер Тарба­ға­тайдың күнгейінде де саяси орталықтың болғанын айғақтайды», – дей­ді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста