Үш бөлмелі пәтерді сыйға алған Тамара Асар жалғыз ұлының әкесі туралы айтты
Маңғыстау облысының әкімінің қолдауымен, белгілі құрылыс компаниясының басшылығы мен белгілі азаматттардың мұрындық болуымен әнші Тамара Асарға Ақтау қаласының орталығынан үш бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бұл туралы әншінің өзі Инстаграм парақшасында жазып, қуанышын бөлісті.
"Сүйінші! Маңғыстауға Қамбардың қазығы қайта қағылды! (Ұзағынан сүйіндірсін). Қуанышты бөліссең көбейеді, дегендей, сіздермен бөліскім келеді, достарым! Мен қазақтың қызымын! Өнерімді елім, жерім дәріптеп, "Хан" көтеріп келеді. Ризамын, шүкір. Маңғаз Маңғыстауымның мәрт азаматы Самат Мұсабаев бастаған құрылыс компаниясы демеушілік етіп, аймаққа өз еңбегін сіңіріп келе жатқан, Орақ Аяпов сияқты ағаларым қамқор болып, облыс әкімі Алик Айдарбаев салтанатты түрде маған Ақтау қаласының орталығынан су жаңа көтерілген үйден 3 бөлмелі пәтер сыйға тартты!", - деп жазған әнші.
Тамара өзіне пәтер сыйлаған азаматтарға алғыс білдірді.
"Шын жүрегімнен жоғарыдағы аты аталған және ат салысқан ағаларыма алғысым шексіз. Сіздерге қарындастық тілегім бар: "Ұрпақтарыңыздың ұлылығын көруді нәсіп етсін, жаратқан! Менің кереметімді емес, Өнердің кереметін бағалаған жүректеріңізден Айналдым. Бүгінгі Құрылысшылар күнімен осы саладағы барлық құрылысшыларды құттықтаймын!!! Бір шаршы ғана құшағыма, баршаңызды сыйғыздым!!! Бұл бұйырса, Ақ Қамбардың шаңырағы. "Ең қызығы бұл пәтерге себепші болған екі ағасы, біреуі Самат, біреуі Орақ. Ал Қамбардың марқұм әкесінің аты Самат, фамилиясы Орақ болатын.", - деп жазды ол.