Үш сағатта 10 000 000 теңге жинады
Жақында Жезқазған қаласындағы «Дидар» телеарнасында имандылық тақырыбына арналған телемарафон өткізілді.
Әлбетте, түрлі деңгейдегі БАҚ-тарда күн аралатып өткізіліп тұратын мұндай бағдарлама жұртқа таңсық емес екені анық. Тек қаланың басты арнасында ұйымдастырылған аталмыш бағдарлама қаладағы жаңа мешіт құрылысын жандандыруға арналып, оған қатысушылардың марафон қорытындысы шығарылғанда 10 млн теңге қаражат жинастырғаны белгілі болды. Тікелей эфирде үш сағаттай болған имандылық туралы әңгіме-дүкенді телеарна басшысы, қарымды қаламгер Базарбай Әлеуханұлы жүргізіп отырды. Екі тілде өрбіген салиқалы сұхбат сәтінде студиядағы жәшікке қаражат салушылар қатары бір сиремеді.
Жезқазған қаласында жаңа мешіт тұрғызу үшін арнайы құрылған «Демеу-М» қоғамдық қорына үлкен демеу көрсеткен теледидардың беделі имандылық ісіне жорналшылардың түзу қарайтынын аңғартатын тәрізді...