Үш жасқа толған «Рейтинг» газеті ынтымақ пен бірліктің үлгісі іспетті

Үш жасқа толған «Рейтинг» газеті ынтымақ пен бірліктің үлгісі іспетті

Ақпарат айдынында желкен тартқанына үш жыл толған «Рейтинг» апталық сараптамалық газеті осы уақыт ішінде өзіндік орнын, тұрақты оқырмандарын тапты деуге толық негіз бар. Үш жылдық мерейтойын жаңа ғимаратының ашылуымен ұштастырған басылымның қуанышымен ортақтасуға арысы Астана мен Алматыдан, атап айтқанда, «Алаш айнасы» газетінің бас редакторы Серік Жанболат, «Қаламгер-Медиа» ақпараттық орталығының директоры Жанарбек Әшімжан, «Заң» медиа-корпорациясы» ЖШС президенті Досымбек Өтеғалиев, «Нұр Астана» газетінің бас редакторы Ғабит Мүсіреп, «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасары Ерік Рахым, «Алматы» телеарнасы Астана филиалының жетекшісі Руслан Ербота, «Жас қазақ» газеті бас редакторының орынбасары Шадияр Өстемірұлы, «Дала мен қала» газетінің бөлім меңгерушісі, «Рейтинг» газетінің Астанадағы тілшісі Еркін Досымбай, Жамбыл облыстық «Ар-Ай» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт арнайы келіп, қуанышқа қуаныш қосты.
Мәртебелі меймандар алғаш облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаевтың қа­был­дауында болды. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойын үлкен жетіс­тік­тер­мен қарсы алып отырған облысымыздың әде­би-мәдени өміріндегі өзгешеліктер мен өз­гелерге өнеге боларлық тұстарын сөз еткен Әли Әбдікәрімұлымен арада ашық-жарқын әңгіме орнады. 11 қараша, яғни 11.11.11 сағат 11-ден 11 минут өткенде об­лыстық басқармалар, аудан, қала бас­шы­лары, облыстық, Шымкент қалалық мәслихат депутаттары,оқу орындарының басшылары, басқа да басылымға тілеулес азаматтар бас қосып, «Рейтинг» газетінің үш жылдығы мен жаңа ғимаратының салтанатты түрдегі ашылуы басталды.
– 300-ден астам басылым шығатын өңір­­де небәрі үш жылдың ішінде осыншама бәсекелестерінің арасынан өзіндік орнын тауып, оқырман жинаған, абырой-беделге ие болған «Рейтинг» газетінің бүгінгі қуа­ны­шы құтты болсын. Әр газеттің өзіне тән мінезі болады. Көпшілік сүйіп оқитын «Рейтингтің» шын­шылдығы, әділдігі, батылдығы, тың ізденістері көптің көңілінен шыға білді. Болашағынан да зор үміт күтеміз. Небәрі үш жылдың ішінде мұндай мықты мате­риал­дық базаға, оқырман ортасында күшті абырой-беделге ие болу – кез келгеннің қолынан келе бермейтін жақсы жетістік, – деді облыс әкімінің орынбасары Әли Бек­таев.
Жандар Көшенов, «Рейтинг» газетінің бас редакторы:
– «Газетіміздің атауын қалай қойсақ екен?» деп бірнеше ай ойландық. «Рей­тинг» жайлы идея аяқастынан туын­дады. Осы таңдаудың сәтті болғаны анық. Байқасаңыз, қазіргі заманда көп нәрсе рейтингімен анықталады. Банк­тер, оқу орындары, саясат, спорт, тіпті еліміздің халықаралық деңгейдегі орны – барлығы рейтингімен айқындалады. Бұл оңтүстік үшін таңсық болған дүние екенін жасырмаймыз. Дегенмен осы бағытта жұмыс істеп көруге бел бай­ла­дық. Үздіктер мен көш со­ңын­да­ғы­лар­дың тізімін жасау оңай емес. Тіпті ша­ғын рейтинг әзірлеу үшін жан-жақты зерт­теу, терең сараптама жүргізу қажет. Ойдан құрастырып рейтинг жасауға болмайды. Газеттің әр санында рейтинг беруге мүмкіндігіміз болмағанымен, мүмкіндігімізше осы бағытты қамтып отырдық.

Мың сан шаруаның арасынан уақыт тауып, бір сәтке бой жазуға әрі өңірдің туризм саласының зор болашағына көз жеткізгісі келген қонақтар Төлеби ауда­нын­дағы тамашаға бай «Тау самалы» сауық­тыру кешенінің кереметіне куә болды. Жеке кәсіпкер Әлішер Толыбаевтың бұл нысанды іске қосуда қыруар күш жұм­са­ғаны бірден байқалады. Төрт қабатты қонақүй, қаз-қатар тізілген екі қабатты коттедждер, бассейн, ауланың әсем көркі, табиғаттың тамаша көрінісі көздің жауын алып тұрғандай. Екі қырдың ортасын жал­ғап тұрған 150 метрлік көпір мен оның ас­тын­да жатқан жасанды көл де, жан-жағы түгел көрінетін мейрамхана да жара­сым­ды­лықтың озық үлгісін көрсетіп тұрғандай. Арнайы Түрген балық шаруашылығынан жет­кізілген хан балық, яғни форель балығы демалушылардың қызығушылығын арттыра түсері сөзсіз.
Сауықтыру кешенін тамашалаған қо­нақ­тар қонақүйдің бильярд залында «Рейтинг» газетінің жүлдесі үшін шар салу­дан шеберлік сынасты.
Дәл осы күні облыстық әкімдік пен Мә­де­ниет басқармасы, Қазақстан Жур­на­лис­тер Одағы Оңтүстік Қазақстан филиалының ұйым­дастыруымен «Ұлысымның ұйытқысы – Оңтүстік» іс-шарасы өтіп, қаламын жа­нына серік еткен ақын-жазушылар мен журналистер бас қосты. «Цензурасыз 20 жыл» атты дөңгелек үстел өткізді. Бизнестің әлеу­меттік жауапкершілігі аясында облыс орта­лығында салынған нысандарды аралап, бірқатар мәдени іс-шараларға қа­тыс­ты. Қонақтар жекеменшік ақпарат құрал­дарының жұмысымен де танысты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста