Ұшатын сиырлар – Атырауда

Ұшатын сиырлар – Атырауда

Атыраудағы Шаймерден Сариев атындағы өнер мұражайында өткен ерекше көрме осылай аталды. Ерекше дейтініміз, бұл көрмеге халықаралық Mirca Art Group Stokholm суретшілер қауымдастығының мүшелері, атыраулық Рафаэль Слекенов пен мексикалық қылқалам шебері Рауль Говеоның 45 туындысы қойылған.
Атырау өңірінің Индер кентінен түлеп ұшқан суретші Рафаэль Слекенов өнер са­ласындағы «Жігер», «Шабыт» фести­валь­да­рының жүлдегері, тәуелсіз «Тарлан» сый­лығының иегері. Шетелдерде көрме өткізіп, тәжірибе жинақтап жүрген талант­ты жас. Ал Рауль Говео Пералта Мехикода дүниеге келген. Сан-Луис-Потоси штатын­да­ғы архитектура институтында білім ал­ған Рауль мен Рафаэль Варшавада таны­сып­ты. «Рауль – Еуропаға өте танымал су­ретші, – дейді Рафаэль Слекенов: – Бол­мы­сы зиялы, талантты, талғамы биік. Бірге көрме өткізу туралы ойымды айтқанымда, қуана келісті. Рас, Раульдің ата-анасы ал­ға­шында қарсы болды. Оларды «стан» сө­зімен аяқталатын елдер үрейлендіреді екен, мысалы, Ауғанстан, Пәкістан сынды. Қазақстанға жіберер алдында интернет ар­қылы біздің ел жөнінде біраз мағлұмат ал­ғаннан кейін ғана жолына батасын бе­ріпті».
Рафаэльдің көрмеге ұсынған сурет­те­рі­нің басым көпшілігінде судан балық ау­лаған баланың бейнесі көп ұшырасады. «Бұл – менің бала арманымның көрінісі, – дейді Рафаэль бұл жайлы. – Кішкене ке­зім­де ихтиолог болуды армандадым. Жа­йық өзенінен балық аулау мені үлкен әсер­ге бөлейтін, ихтиолог бола алмасам да, су­реттерім арқылы арманымның бейнесін көр­сеткім келді».
Көрме өткен өнер мұражайының ди­рек­торы Жайдарбек Зайдуллин Рауль­дің Қа­­зақстанға келуіне біздің елде Мек­­си­каның дипломатиялық миссиясының жоқ­тығы біраз қиындық келтіргенін айта­ды. Тек облыстық мәдениет басқармасы­ның қолдауымен ғана осындай ерекше көр­ме­ні көп­шіліктің назарына ұсыну мүмкін бо­лып­ты. Маусымның 15-іне дейін жал­ға­сатын көрмеден кез келген көрермен өзі­не ұна­­ған картинасын сатып алуына да бо­ла­ды екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста