Ұстаздарға әнмен ескерткіш орнатқан Әбілахаттың ән кеші өтті

Ұстаздарға әнмен ескерткіш орнатқан Әбілахаттың ән кеші өтті

Өткен ғасырдың 50-70 жылдары ұлттық ән өнеріміздің алтын қорына «Әлі есімде», «Ақ сәулем», «Сағыныш екен бала кез», «Бейбітшілік сақталады», «Маржан қыз», «Жайық қызы», «Батыр бала Болатбек», «Қайдасыңдар, достарым», «Ұстазым, менің ұстазым» сынды ғажайып әндерімен өз қолтаңбасын қалдырған белгілі сазгер Әбілахат Еспаевтың биыл 85 жылдық мерейтойы. Сазгердің мерейлі мерекесіне орай таяуда Алматы қаласында «Ұстазым менің, ұстазым» атты ән кеші өтті.

Өмір дерек

Әбілахат Еспаев 1925 жылы Қостанай облысының №2 ауылында оқығаны мен тоқығаны мол азамат Смағұлдың отбасында дүниеге келді. Қостанай өңірін 20-30 жылдары ашаршылық жайлап, репрессия қаупі төнген шақта Әбілахаттың 6 жасында Еспаевтар отбасы Мерке өңіріне қоныс аударады. Болашақ сазгердің балалық, жастық шағы осы Жамбыл облысында өтті. Оның ең алғашқы «Туған жер» атты әні осы топырақта туған еді. Ол өзінің тырнақалды туындысын 17 жасында жазды. Ә. Еспаев мектеп бітірісімен өз еркімен соғысқа аттанып, Днепр шайқасынан жараланып, елге оралады. Әскери білімі бар жас жігіт өзінің өнерге деген құштарлығының арқасында Құрманғазы атындағы консерваторияның композиторлық бөлімін тәмамдаған. Бар-жоғы жарты ғасыр өмір сүрген композитор еліне, жеріне төгіле еңбек етіп, өз халқына сыршыл, сазды әуендер сыйлап кетті.

Мәдениет министрлігі қолдау көрсеткен ән кеші Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі дирекциясы және сазгердің қызы Гүлсім Еспаеваның ұйымдастыруымен өтті. Үстіміздегі жылдың күзінде Әбілахат Еспаевтың мерейтойы Астана қаласында аталып өтпек. Алматыдағы Республика сарайынан бастау алған сазгердің мерейтойына оның балалары Сейітжан мен Болат және әкелерінің қос қарлығашы Гүлмира мен Гүлсім, сондай-ақ Әбілахат Еспаевтың немере-шөберелері қатысты.

Арада қаншама жылдар өтсе де Әбілахат Еспаевтың әндері өз өміршеңдігін дәлелдеп, XXI ғасырдың да есігін ашты. Орындаушылары қанша ауысқанымен, оның әндеріне деген тыңдарманның сағынышы, құштарлығы еш өзгерген жоқ. Бұл концертке жиналған қауымның әнге деген ыстық ықыласынан байқалды. Ескі әндердің сөзі мен әні жадыларына сақталып қалған өнерсүйер қауым сахнадағы әншілермен қосыла шырқап, жастық шақтарына қайта оралғандай болды. Аталған ән кешінде Әбілахаттың әндерін алғаш тыңдармандарының құлағына сіңірген Нұрғали Нүсіпжанов сынды ардагер әншілер бастап, Сұлушаш Нұрмағамбетова, Ералхан Әбішев, Жұбаныш Жексенұлы, Тамара Асар секілді халықтың сүйікті әншілері, сондай-ақ есімдері елге енді таныла бастаған жас әншілер Асқар Жүнісбеков, Әйгерім Қалаубаева, тағы басқа әншілер көрерменге мерейтой иесінің әндерінен шашу шашты.

Қалдыбек Құрманәлі, композитор, Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі дирекциясының директоры:
– Әбілахат Еспаевтың ән кеші осымен төртінші жыл өткізіліп отыр. Ал биылғы жыл сазгердің 85 жылдық меретойы республика көлемінде аталып өтпек. Ендігі уақытта біз Әбілахат Еспаевтың мерейтойы оның туған жері Қостанай өңірінде, сондай-ақ сазгердің балалық, жастық өмірі өткен Жамбыл облысында да аталып өтуіне күш салып жатырмыз. Бұл туралы біз сол өңірлердің әкімдеріне хат жаздық. Сондай-ақ біз бірнеше жылдан бері Әбілахат Еспаевтың атын Алматы қаласындағы бір мектепке беру туралы ұсынысымызды жергілікті басшыларға айтып жүрміз. Ұстаздарға «Ұстазым менің, ұстазым» әнімен мәңгі өлмес ескерткіш қойған Әбілахаттай сазгер, ұстаздың есімі білім ошағына берілгенше осы ұсынысымызды айта береміз. Биылғы жылы Шәмші Қалдаяқовтың 80 жылдық, Нұрғиса Тілендиевтің 85 жылдық, Әбілахат Еспаевтың 85 жылдық мерейтойы. Ән өнері майталмандарының мерейтойлары құтты болсын!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста