Уыз бата алу – мәртебе

Уыз бата алу – мәртебе

Ертеден бүгінгі күнге дейін жойылып кетпей, түрленіп, жаңарып келе жатқан игі ұлағаттың бірі – бата. «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» дегендей, «Жақсы сөз жан семіртеді». Үлкендердің алғысына бөленіп, бата алғанға не жетсін!

Аузы дуалы кісілердің батасын алу үшін бұрындары балалар қонақ келсе, алдынан шығып, сәлем беріп, атын байлап, төрге өткізіп, көрпе-жастығын қалыңдап, олардың қолына су құйып, кебісін алдына қойып дегендей, қызмет көрсетіп, көзге түсуге тырысқан. Бұл, әрине, болар баланың ісі. Халқымызда батаның түрі көп. Тұрмыс-тіршілігіміздің маңыздылығына орай, батаның да түрленіп отыруының тәлімдік-тәрбиелік мән-мағынасы зор. Соның бірі – Наурызға қатысты «Уыз бата». Наурыз тойын тойлаушылар осы күнге арнап наурызкөжеге шақырады. Бір жақта бойжеткен мен бозбала алтыбақанда тербелсе, тағы бір жерде асық ойнаған балалар шуылы, желігіп алған жастар жеңгелерін күрестіріп дегендей, күлкіге қарық болып жатады. Салтанат кезінде палуандар белдесіп, білек күшін сынап, тай жарыстырып, өнерпаздар өнерлерін көрсетеді. Қыз бен жігіт айтысы да, бәдік айтыс та той көрігін қыздыра түседі. Қымтанған қыстан арқа-жеңі босап, ойдағы елмен қырдағы елдің шал-шауқандары мәре-сәре болып, көңілдерін көтерген жастарға, көпшілік қауымға баталарын береді. Мысалы:
Жамандық аулақ көшсін,
Өркенің өссін!
Шаңырағың мерекелі,
Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!
Палуан бол, батыр бол,
Еліңе қамқор, жақын бол! – деген сияқты ұйқасын тауып, үндесіп кете береді. Бұл күні жастар үлкендерден бата алуға тырысады, өйткені мұндай батаның орны бөлек. Жаңа күннің, жаңа жылдың басында алған осындай батаны «уыз бата» деп атайды. Көпшіліктің алдында үлкендерден бата алу – жастар үшін мәртебе.

on.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста