Витас «Опера-2» әнін орындағаны үшін Димаш Құдайбергеннің үстінен арызданды

Витас «Опера-2» әнін орындағаны үшін Димаш Құдайбергеннің үстінен арызданды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген күні кеше ғана Қытайдың Хунань өлкесі Чаңша қаласында өтіп жатқан «I am singer-2017» байқауының екінші кезеңінде тағы да топ жарып, миллиардты мойындатқан еді. Бұл екінші турда ол Витастың «Опера-2» әнін орындаған еді. Соған байланысты Витастың продюсері Димаштың үстінен шағым түсірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі ent.ifeng.com сайтына сілтеме жасап.

Витас Димаштың «Опера-2» әнін орындауына байланысты Watson&Band адвокаттар алқасына арыз түсірген. Хунан өлкесінің Чаңша қаласында орналасқан өлкелік телеарнасының атына бағытталған хатта: «Димаш Құдайбергеннің бұдан кейін әлемнің және Қазақ Елінің кез келген сахнасында, кез келген концертте Витастың бірде-бір әнін орындауына рұқсат етпейтіні және бұл талап орындалмаған жағдайда «авторлық құқық туралы халықаралық заң» негізінде қатысты орындардың шешіміне жүгінетіні жайлы айтылған.

«Опера 2» әні Ресейде тұратын атақты әнші Виталий Гогунскийдің авторлық туындысы. Әуенін де, сөзін де Витас жазған. 2000 жылы Витас бұл әнімен алғаш рет сахнаға шығып әлем алдында танымал болды. Витастың шығармашылығына қатысты барлық әндері «Пудовкин» продюсерлік орталығының құқығына тәуелді. Хунанның өлкелік телеарнасы өткізіп жатқан «Singer-2017» ән байқауында Қазақстаннан атынан барған әнші Димаш Құдайбергенов 28 қаңтар күні «Опера 2» әнін айты, сахнаға шықты. Ал, «Опера-2» әні осы телеарна арқылы күллі қытайға тарады. Мұнан тыс, бұл ән қытайдағы барлық әлеуметтік желілерге кеңінен таралуда. Димаш онымен қоймай бұл әнді 30 қаңтар күні Қытайдың «жаңа жыл мерекесінде» де орындап, телеарна, интернет арқылы тағы да ду болды. Витастың әндері күллі әлемге тараған. Сонымен қатар, әрбір жерлік орындар арқылы барлық құқы қорғауға алынған. Осындай жағдайлар арқылы Хунан өлкелік телеарнасы «Пудовкин» продюсерлік орталығының заңдық құқына зиянкелтірді», делінген атаулы хатта.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста