«X хромосоманы жеткізсеңіз, қыз туады». Бердіңғаров не дейді өзі?
Әке-шешесін сыртынан ұнатсаңыз, онда үйлене беріңіз! Бұрынғы депутат Тәңірберген Бердоңғаров Faсebook-тегі жеке парақшасында қалай жар таңдау керектігімен ой бөлісті.
Оның пікірінше, бұл ретте өзі мысал бола алады.
«Өз қалыңдығыңның ата-анасымен жиі араласып, сөйлесіп тұр. Бұл арада оның болашақта түрі қалай өзгеретінін, сонымен қатар шынайы мінезі қандай екенін білуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар бұл білгенін оның сен ойлағандай бола алатынын-алмайтынын ашып бере алады» деп жазады бұрынғы депутат.
Сондай-ақ ол баланың жынысы тек ер адамға байланысты анықталатынын баса айтады.
«Кішкене теорияға жүгініп көрелік. Егер Сіз қыз баланың әкесі болсаңыз, бұл арада оған әйеліңіздің еш қатысы жоқ. Өйткені X және Y хромосоманы жеткізуші тек өзіңіз, әкесі болады. Ал әйел адам X және X хромосомаларын тасымалдаушы боп табылады. Демек, Сіз өзіңіздегі X хромосоманы жеткізсеңіз, қыз туады немесе Y хромосоманы тасымалдай алсаңыз ұл болады. Сондықтан оның барлығы ер адамға байланысты» деп жазады ол.
Жас саясаткер әйелдің еркекке бағынғанын қалайды екен.
«Мінезі. Бұл қиындау, енді. Адамның бүкіл мінез-құлқының тең жартысы ген арқылы беріледі. Ол бірінші жасында-ақ біліне бастайды әрі өзгермейді. Адамға бірінші отбасы, екіншіден айналасындағы адамдар әсер етеді. Қазақта: «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» деген жақсы мақал-мәтел бар. Кез келген отбасында бас болатын адам болады. Сондықтан қыздың отбасында кім көшбасшы, әкесі ме шешесі ме, осыны білу керек. Барлық некенің бұзылуы осы бас піспегеннен туып жатады. Сондықтан барлықтарыңызға сәттілік тілеймін» деп жазады Тәңірбергенов Бердоңғаров.
kaz.365info.kz