«Халыққа» арналған айтыс өтті

«Халыққа» арналған айтыс өтті

Қызылорда қаласында «Бес асыл һәм бес дұшпан» атауымен өткен республикалық ақындар айтысы көпшілікке ерекше көңіл сыйлады. Көптен бері қазақтың маржан сөзін ұлық ететін ұлттық өнер – айтысты сағынып қалған ағайын өнерпаздарға қошеметпен қол соқты.

Аталмыш игі іс Қызылордадан баспа жүзін көріп, еліміздің көптеген аймақтарына тарайтын «Халық» газетінің 10 жылдық мерейтойы құрметіне арналды. Қазақтың шұрайлы тілімен көпті көзайым еткен өнерпаздар қатарында астаналық Айбек Қалиев, түркістандық Бекарыс Шойбеков, шымкенттік Ақмарал Леубаева, семейлік Әсел Ережеқызы, оралдық Жансая Мусина және қызылордалықтар Нұрмат Мансұров, Мұхтар Ниязов, Нұрдәулет Махамбетов секілді жампоздар бар.

Бірнеше сағатқа созылған айтыста шиелілік жас өнерпаз Мейірхан Сұлтанхан ширақ көрінді. Жас дарын айтыстың ақтаңгерлерімен терезесі тең деңгейде сөз сайыстыра білді. Ол Б.Шойбековпен жекпе-жекте кесек-кесек ойларымен қалың қауымды риза етті. Жас дарынның жолына кесе-көлденең тұруды қаламаған түркістандық айтыскер оның қадамына сәттілік тіледі.

Қазылар алқасы да Мейірханның өнеріне тәнті болып, оны бас бәйгеге лайықты деп тапты. Екінші орын Ә.Ережеқызына, үшінші орын А.Қалиев пен А.Леубаеваға бұйырды. Оларға ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Республикалық «Халық» газетінің бас директоры Аманжол Сақыпұлы барлық өнерпазға ризашылығын білдірді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста