Хиджабтағы интимдік қатынасты дәріптейтін сексолог қатындар! Ондай дипломды қай университеттен алдыңдар - Айгүл Елшібаева
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
- Бұрынғы кездедегі апа-әжелеріміз үйдің әңгімесін сыртқа шығармайтын, дейді әнші.
- Қазіргі супер бомба. Ақылы тренингтерді жасаушы хиджаптағы қатындардың сабақтарының арасында сексолог, интим тренер сабақ өткізеді. Діннің атын жамылған, сырт киімі хиджаптағы сексолог, әйелдер орталығындағы интимдік қатынасты дәріптейтін нәпсіқұмар, сабақ сатқан қатындар! Ондай дипломды қай университеттен алып, оқып бітірдіңдер?
Ілім рухани, нәпсіни болып екіге бөлінетін еді. Діннің мақсаты нәпсіңді тиып, нәпсімен күрес, иманға келу, түрлі жезөкшенің интимдік қатынасын үгіттеу емес еді ғой. Дін- рухани кемелдену, ғылыми даму, мәдениет, өркениет, көркем мінез деп оқып едік. Сендер нәпсінің хайуандық дәрежесі мен жезөкшелікті насихаттап жатырсыңдар ма?
Байларың, 4-қатынға дейін алғасын, еркекті ырықсыз шабатын хайуандай көріп, байларыңды қалай матап ұстарларыңды білмей, бар өнерлеріңді көрсету үшін, жезөкшеліктің түр-түрін үйретіп жатсыңдар ма? Не масқара?
Қазақтың тарихында қай әйел, қай кемпір, қай әжең жалпақ елге әйел мен еркектің арасындағы интимдік қатынасты үйреткен. Инстаграм, Ютюбте де басына хиджап таққан қатын отыр, жезөкшеліктің түр-түрін үйретіп. Бастарыңдағы хиджапты қор қылып, періштедей оранып, байлап алып, ислам дініне кір келтіргенше, шайтанның жетегіндегі нәпсіңді тыймайсың ба, сенің жезөкшеден айырмашылығың не?
Дін- рухани ілімді үйретеді, дін мақсаты- нәпсінің жетегіндегі нәпсіқұмарларды көбейту емес қой, жезөкшелікті насихаттап жатырсыңдар ма?
Нәпсіге құл болмаған, нәпсімен күрескен, иман сауыты берік, рухани кемел адамдардың арқасында қазақтан әулие-әнбиелер көп шыққан екен.
Діннің сырт формасымен періштедей көрінген, шайтанның қарбашалары, қу нәпсінің жетегіне кетпей, естеріңді жиыңдар!
Батыстан келген жабайылықтан үлгі алып, қазақы менталитетімізден айырып, үйдегіні сыртқа шығармаған сипатымыздан айырып, отбасы құндылықтарындағы махабат, сенім мен құрметті тек нәпсінің жетегіне байлаған, шайтанның қарбашалары, доғарыңдар мұндай көргенсіздікті!
@muftiyatkz, @iman_zhol
@kmdb.ustaz сіздерге сұрақ, осындай нәпсәни сабақтарды өтуін ислам қолдай ма?", деп жазды инстаграм желісінде.
"Сіз сияқты айтатын қатынының аузын жабатын еркектер аз ғой қазір. Оның бәрі үйдегі еркекке байланысты ғой", "
Өте дұрыс айтасыз. Сіздің барлық жазбаларыңыз орынды. Қазір осындай тренингтерді тыймасақ, көбейіп барады...сөз жоқ...Шырылдап жатырсыз...Тоқтау салу керек!", "Дұрыс емес негізі осыларды тоқтатын адам барма деп жүрген едім, Апам тақырыпты жаксы қозғадыңыз , ерлі зайыптың арасындағыны ешкімге айтпау керек. Басқа елдің кітаптарын оқып қазақшаға аударып соны акеп отыр ғой", деп жазды оқырмандар.
kaz.caravan.kz