Ыбырай Алтынсарин туралы деректі және көркем фильмдер шығару керек – Дихан Қамзабекұлы/

Ыбырай Алтынсарин туралы деректі және көркем фильмдер шығару керек – Дихан Қамзабекұлы/

Ыбырай Алтынсарин туралы деректі және көркем фильмдер шығару керек. Бұл ұсынысты Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымының докторы Дихан Қамзабекұлы айтты.
 
Профессор Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын, еңбектерін заманауи құралдар арқылы, әлеуметтік желілердің көмегімен жастар арасында кеңінен тарату керек екенін айтты. Бұл туралы ол бүгін «Ұстаздың ұлы келбеті - Ыбырай» конференциясында айтты.

Қарапайым адам ретінде, мемлекеттілігін қайта қалпына келтіріп жатқан қоғамның мүшесі ретінде Ыбырайдай тұлғаға лайықты құрмет көрсетіп, еңбегін елге орнымен, жүйесімен жеткізуді білуіміз қажет. Ол үшін мына шараларды атқарған ләзім: ағартушының 1975-1978 жылдары шыққан академиялық үш томдығын қайта қарап, толықтырып шығаруға жұмылған арнайы ғылыми комиссия (ҚР БҒМ Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институты мен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ғалымдары бірлескен) құрған мақұл. Қостанайдағы арнайы мұражайынан бастап республика мұражайларында ағартушыға бөлінген стендтерді жаңа әрі сапалы  материалдармен толықтырған абзал. Ағартушы туралы деректі және көркем фильмдер шығарған дұрыс. Оның аса күрделі тағдырын, жасампаз күрес жолын бүгінгі тәуелсіздігіміз бен елдігіміздің талабы тұрғысынан зерделейтін зерттеулер жүргізуді жолға қойған жөн, - деген ұсыныстар айтты ол.

BAQ.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста