Ымды білмеген, дымды білмейді

Ымды білмеген, дымды білмейді

Ақтөбе облыстық саңыраулар мен мылқаулар қоғамы ыммен сөйлесуді меңгеруге тілек білдіргендер үшін оқыту курсын ашты. Бір айлық курсты тамамдағандар сурдоаудармашы болып жұмыс істей алады. Бұл әсіресе, аудандық жерлердегі сурдоаудармашыларға деген сұранысты қанағаттандыратын болды. Қазірдің өзінде аудандардан 15 адам курсқа жазылған.
Курсты бітіргендер жұмыссыз қал­майды. Өйткені қазір ыммен, ишарат арқылы сөйлесуді білетін мамандар өте тапшы. Облыс бойынша сурдоаудармашы көмегіне зәру жүзден аса құлағы есті­мейтін мүгедек бар екен. Заң бойынша, құлағы естімейтін мүгедектерге сурдо­аудармашылар көмектесулері керек. Әрбір құлағы мүкіс адамның жылына 30 сағат сурдоаудармашы қызметін пайдалануға құқы бар. Қоғамдық жұмысқа белсене араласатындардың қасында үнемі аудар­машылары жүруі керек. Алайда облыста мұндай мүмкіндік жоқ. Маман тапшы. Аудандық жерлерді айтпағанда, Ақтөбе қаласының өзінде тек 10 маман ғана жұмыс жасайды.
Курсқа алғашқылардың бірі болып жазылған Айнагүл Арыстанованың ата-анасының құлағының мүкісі бар. Сон­дықтан ол ишарат тілін кішкентайынан біледі. Дегенмен ұстаз болуды армандап жүрген Айнагүл ишарат тілін мүмкіндігі шектеулі кішкентай балаларға үйреткісі келеді екен. Сол үшін ол өз білімін одан әрі толықтыру мақсатында курсқа жазылған.
Құлақтары естімейтіндермен ым арқылы түсінісу кезінде кездесетін қи­ын­дықтар көп. Қарғалы аудандық саңыраулар мен мылқаулар қоғамының меңгерушісі Гүлден Жұмашева: – «Құлағы мүкіс адамдар ыммен сөйлескен кезде, қолдарын жылдам қимылдатады. Көбіне түсінбей қаламын. Бұл жұмысыма мық­ты кедергі келтіреді. Ал қағазға жа­зып, сөйлесудің өзіндік машақаты бар. Сондықтан мынадай курс ашылды де­генді естіп, қуандым. Қолымды шапшаң қимылдатып үйрену үшін келіп отырмын» – дейді.
Аудармашылар курста көп нәрсеге үйреніп шығады. Тек, өкініштісі, Қазақ­станда ыммен сөйлесушілерге арналған оқу құралдары жоқ. Сол себепті, әзірге ресейлік әдістемелік оқулықтар қолданылады. Және осыдан бірнеше жыл бұрын қазақ­шаға аударылған қалта кітапшалары пайда­ланылады. Бір айлық курсты тамамдағандар бітіру емтиханын Алматыда тапсырғаннан кейін ишарат тілін меңгерген аудармашы деген сертификат алады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста