Ырым ба, әлде ғылым ба?

Ырым ба, әлде ғылым ба?

Ертеден көшпелі өркениеттің көшін бастаған қазақтың аттың жалында, атанның қомында өмір сүргені баршамызға мәлім. Осы бір ғажайып өмір сүру формасын қалаған бабаларымыздың әрбір айтқан сөзінің тамырын көтерсеңіз, белгілі ғылыми нәтижеге қол жеткізесіз. Бала күнімізде ата-әжелеріміз бұрынырақ бала көтермеген жас келіншекке мысық атаулыны «тілеуі жаман» деп жолатпайтын. Себебін сұраған жанға: «Мысық деген жарықтық осы үйде бала болмасын, үй иелері тек мені еркелетсін дейтін хайуан емес пе?!» – деп ертегіге ұқсас жауап қататын. Ештеңеге түсініп болмайтын біз аң-таң қалатынбыз. Осы бір қағиданы бұлжытпай орындаған жатыры алтын жеңгелеріміз 10-15-тен бала тауып, бір әулеттің өсіп-өнуіне септігін тигізген. Ал бүгінгі келіншектер екі бала тапса, тапты, таппаса, ол да жоқ. Тапқанының өзі кейде өлі туады немесе кемтар болып дүние есігін ашуға мәжбүр. Бұл – бүгінгі қоғамның ащы да болса шындығы.

«Мысықтілеудің» астарында шындық бар
Бедеулік пен белсіздіктің күннен-күнге белең алуының себебі неде деп ойлайсыз? Оның себебі – өзінің бойынан жүктілікті тежейтін токсоплазмоз ауруын тарататын, тілеуі жаман қарапайым мысық. Қайталап айтамыз, мысықтан тараған осы бір індет жас келіншектің жүктілігін тоқтатып, іштегі нә­рестенің дұрыс дамуы тұрмақ, өлі тууы­на себепкер болады екен. Ұрғашы мысық­тан бөлінетін вирус ауа арқылы немесе тұр­мыстық заттар арқылы жас келіншектің жа­тырына орналасып, содан кейін ішке біт­кен ұрықпен қоректенеді екен. Егер ток­соплазмоз ауруына шалдыққан адамның жанында үнемі мысық болса, онда індет қоздырғыштары өзінің белсенділігін автоматты түрде жаңартып алады екен. Кә­дімгі антивирус секілді...

1908 жылы Франциядағы Луи Пастер институтында Николем есімді ғалым осы бір індеттің алғашқы белгілерін анықтапты. Ал қазақ оны бір ауыз сөзбен қанша ғасыр бұрын айтып кеткенін Құдай білсін...

Жануарларда токсоплазмоз қоздыр­ғы­шы тез тарайды және үнемі өзінің белсенді ор­тасын іздейді. Стенфорд университетінің ғалымдары егеуқұйрықтарға жасаған зерттеулерінде өте қызықты жайтты анықтаған. Тәжірибе барысында бойына токсоплазма вирусы енгізілген тышқан өзінің ішіндегі паразиттің белсенділігін жаңарту үшін мысықтың аузына өзі түскен. Мақсатты түрде мысықтың алдында ойна­ған. Ал мысықты иттің етінен жек көретін, бір­ақ бойында аталмыш қоздырғышы бар адам­дар мысықты шамадан тыс жақсы көре­тін, тіпті бауыр басатын жағдайға жет­кен. Тәжірибе барысында адамның миын­да­ғы қан тамырларында ауытқулар орын алған. Осы індетті жұқтырған адамдар дер кезінде емделмесе, шизофрения кеселінің құрбанына айналады екен.
Токсоплазмоз қауіп төндіріп тұр
Астана төңірегіндегі 11 ауданда орн­а­лас­­қан мал шаруашылықтарын тексерген  ве­те­ринар мамандар ит пен мысықты айтпа­ған­ның өзінде, ірі қараның көп­ші­лігінде токсоплазмоз ауруының қоздыр­ғыш­тары байқалғанын алға тартып отыр. Адам­дар арасында бұл аурудың көбейіп кетуі­нің бір себебі дұрыс піспеген, ауру мал­дың етін жегеннен орын алып отыр. Мал­дың толық қайнатылмаған сүті арқылы да осы аурудың қоздырғыштары жиі тара­ла­ды. Мұның зияны өте үлкен. Дерттің қоздырғыштары қан арқылы миға барып, оның қызметінің бұзылуына әкеліп соғады. Адам әлсіреп, есеңгірей беретін болады. Жұлын мен көздің де қызметтері әлсірейді. Осының негізінде жүйке ауруларына адамдар көп шалдығады. Әсіресе аталмыш ауруға шалдыққан жүкті әйелдердің түсік тастауы өте жиі орын алады. Токсоплазмоз ауруын жұқтырған әйелдер көп жағдайда өлі балалар туады немесе кемтар баланы дүниеге алып келеді. Бұл «жақсы» жағдай­да ғана... Ал егер токсоплазмоз адам ағза­сын толық жайлап алса, онда қыз-келін­шек­тер бала көтеру мүмкіндігінен толықтай айырылады екен.
Адамдарды айтпағанның өзінде, буаз малдардың өлі туған немесе кем туылған төлдеріне, атап айтар болсақ, бір көзі жоқ, маңдайы ойық, аяғының жартысы жетіл­ме­ген хайуандарға зертханалық зерттеулер жүргізген кезде олардың бойынан ток­со­плазмоз ауруының қоздырғыштары табыл­ған. Бұл – малдың өлі туған төліне жасал­ған зерттеудің қорытындылары. Ал өлі ту­­ған нәрестелерге кім зерттеу жүргізіпті? Оның үстіне, біздің қазақты білесіз, аруа­ғын қорлатпаймын деп келісім бермейді көп­шілігі. Егер токсоплазмоз ау­руы әйелдің бо­йында болса, онда жатырға ба­ла бітпей­ді, біткен күннің өзінд­е ол ұрпақтың дүние есігін сау болып ашарына ешкім кепіл­дік бермейді.
Бұл аурудың әзірге емі табыл­ма­ған. Бір­ақ уақытша тоқтатудың тәсіл­дері бар екен. Бойдағы қоз­дыр­ғыштың белсенді­лігін төмен­де­тетін түрлі ем-дом жасалуы мүм­­­кін. Ал қоздырғыш анықтал­ған жа­нуар­ларды жойып жіберу­ден басқа амал жоқ. Ауру малды сойып алуға болады. Бір­ақ оның етін жақсылап қайнату керек. Ке­рек­сіз шикі қалдықтарды ит пен мысыққа беру­ге болмайды. Ал адам қайтпек?
Осыдан біршама уақыт бұ­рын Астана қалалық санэпиде­мио­логиялық орталығына қала ірге­сіндегі бір ауылда тұратын қа­зақ келіншек түсік тастағаннан кейін қан тап­сы­рады. Оның үйінде мы­сық болғандық­тан, қалалық ветеринар­лық инспекторлар үйіндегі мысықтың қанына да зерттеу жүр­гізіп, нәтижесінде ток­соплаз­моз ауруының қоздырғышын анық­таған. Сұрастыра келе, әлгі келіншек үшін­ші рет түсік тастағанын жайып салған.
Сәдібек ТОҚПАНОВ, паразитология ғылымының кандидаты, Республикалық ветеринарлық зертхананың бас маманы:
– Мысықтан, иттен көптеген паразитар­лық ауру тарайды, оның ішінде их­нео­кокоз, токсокороз, токсоплазмоз аурулары. Осылардың ішіндегі өте қауіптісі токсоп­лазмоз ауруы екенін баса айтқым келеді. Бұл аурудың негізгі таратушысы – кәдімгі жұртшылық жақсы көретін, зиянсыз көрі­нетін мысық. Бұл ауру торша ішінде өсіп-жетіл­ген бір клеткалы паразит – токсоплаз­мадан тарайды. Паразиттер зақымданған ет немесе тышқан арқылы мысықтың ағза­сын­да жетіліп, содан кейін нәжіс арқылы сыртқа жайылады. Бұл қозырғыштар көбінесе мысықтардың үстінде жабысып жүреді. Сонымен, мысық асыраған үй бөлмелерінде бұл қоздырғыш тым көп болады. Үйді сыпырған кезде жаңағы бөлме ішіндегі қоздырғыштар ауаға көтеріледі. Соның нәти­жесінде токсоплазмоз ауруының қоздыр­ғыштары адам ағзасына түседі. Адамнан бөлек, бұл аурумен ірі қара және ұсақ мал да ауыратынын естен шығармау керек. Бір қара­ған­да, ешкімге зияны жоқ мысық болып көрінуі мүмкін. Бірақ дер кезінде егу шара­ла­рын жүргізбесе, осы бір кішкентай жануардың үлкен залалы болуы ғажап емес.

P.S.
Құрқылтайдың ұясындай көп қабатты үйлерге қоныс тепкен жаңа қазақтар бүгінгі таңда мысықтың түр-түрін асырайтын әдет тауып алған. Тіпті «піскен тамақ жемейді» дегенді желеу етіп, оған шикі ет беріп шікірейетіндер де кездеседі. Осының барлығы өзінің және отбасының, әсіресе дүние есігін өмірге деген құштарлықпен ашатын жас нәрестенің денсаулығына зиян екенін ұғынған жанның абай болғаны жөн. Тышқан аулайды деп жүрген мысығыңыз тұқымыңызды тұздай құртпасын!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста