Зағиптар да «Көксеректі» көкірегіне сіңіреді

Зағиптар да «Көксеректі» көкірегіне сіңіреді

Шығыс Қазақстанда алғаш рет  аудиокі­тап шығарылды. Жай аудиокітап емес, Мұх­тар Әуезовтің әйгілі «Көксерек» по­весі­нің үнтаспадағы  нұсқасы. Мұнда бүкіл повесть желісі  құрғақ әңгімеленбей,  ар­на­йы дыбыстық әсерлеумен қамтамасыз етіл­ген. Мылтық атылған жер, қасқырдың ұлы­ғаны, жараны ауырсынған дауыстар – осы­ның барлығы автордың идеясынан тыс қал­мапты. «Мұны  ойлағаныма бір жылдай бол­ған, ал жасауға екі-ақ апта кетті, ең қиы­ны  әңгіме желісіндегі адамның, жан­уар­лар­дың дауыстарын, эмоциясын ды­быс­тап дәл салу болды», – дейді кітап ав­то­ры Қуат Ахметжанов. «Дағдарыс бізге емес, байларға мықты әсер етіп жатыр-ау», – деп күлген Қуат бұл ісін жасауға бір адам­ның қол ұшын бермегендігін айтты. «Бар мақсатым – зағиптарға рухани қолдау көрс­ету. Өзім журналист болғандықтан, мұн­дай дүниелердің көзі көрмейтін жан­дар үшін тым аз екенін жақсы білемін», – де­ген Қуат аудиокітаптың әзірге 100 да­насын ғана  шығарыпты. Одан артық шы­ға­ру­ға жас жігіттің қалтасы таяз. 1 сағат 5 минуттық шығарманы оқып шыққан да автордың өзі. Бірақ бұл тың дүниеге қолдау жасамақ түгіл, оны жұртқа таныстыруда  қала басшылығы аса ықылас білдіре  қоймапты. Қалалық білім бөлімі тіпті мұның бізге ешқандай қатысы жоқ деген немқұрайдылық танытқан екен. «Зағип балаларға рухани білім беруде бұл кітаптың ештеңе тұрмағаны ма?» деп ау­дио­кітап авторы аң-таң. Ол егер қолдау бо­лып жатса, әлі  қазақтың ертегілері мен ба­тырлар жырын аудиокітап түрінде шы­ға­рамын деп отыр. Ал мына алғашқы жұ­мысының тең жартысынан астамын  қа­ла­да­ғы зағип жандарға  тарту еткен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста