Жаяу Мұсаның ән дәстүрін жаңғыртқан кеш

Жаяу Мұсаның ән дәстүрін жаңғыртқан кеш

Саф өнердің орнын сананы сансыратар даңғаза әуеннің басқаны ақиқат. «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлес­тігі қазақтың дәстүрлі ән өнеріне тағы да қолдау көрсетті. «Алаш айнасы» газетімен бірлесіп ұйым­дастырылған «Жаяу сал­дың жауһарлары» атты Жаяу Мұ­са әндерінің кеші жиналған қауым­ды бір серпілтіп тастады.
Жаяу Мұса мен Шорманның Мұстафа­сының арасындағы қақтығыс көрініс тапқан шағын қойылым барынша шынайы әрі әсерлі шықты. Шорманның Мұстафасы бейнесіндегі танымал әртіс Бауыржан Қаптағаев пен Жаяу Мұсаны сомдаған жас талант Бейбіт Қамаранов көрермен қа­уымды бірден баурап алды. Сал-серіліктің символы тәріздес алтыбақанмен, гүлмен көмкерілген жазиралы дала және қос қапталдай жайқалған орманмен бе­зен­дірілген сахна, ұлттық нақышта киінген әртіс­тер сол замандағы қаймағы бұзыл­маған қазақ өмірінен елес береді. Бұл – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сағыз­бай Қарабалиннің режиссерлік еңбе­гінің жемісі. Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбайдың кешке ар­найы жол­даған құттықтауын оқыған Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры дирек­торының орынбасары Бақыт Бөкебаев ыстық ықыласын білдіріп, жобаға қолдау көрсетуге әзір екендігін жеткізді.

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігіне, «Алаш айнасы» газетінің  ұжымына
Құрметті өнерсүйер қауым!
Ұлттық музыка мен халық компо­зиторларының тағылымды өмірін, қазақ­тың ұлттық құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараның маңызы зор деп білеміз.
 Жаяу Мұса – қазақтың музыка өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған, ешкімге ұқ­самайтын дара тұлға. Ол – ұлттық музыка дәс­түрін жаңғыртып, бүгінгі ұрпаққа жет­кіз­ген сұлу мінез, сырлы сөздің иесі. Оның ән­дері ұлттық нақышқа, өзіндік иірімге толы.
Даланың ғасырлар бойы жалғасып кел­­ген сал-серілік дәстүрін жаңа заманға жет­кізген Жаяу Мұса әндерін жадымызда жат­­тап, айтып жүру – бүгінгі ұрпақтың парызы.
Осындай игілікті істі көпшілік қауымға ұсынып жүрген сіздерге зор алғыс айтып, бо­лашақта жалғасын таба беруіне тілектестік білдіремін.
ҚР мәдениет және ақпарат министрі Дархан МЫҢБАЙ

Кеште Рамазан Стамғазиев, Жоламан Құ­жи­манов, Ерлан Төлеутай, Тілеулес Құр­манға­лиев, Еркін Шүкіманов, Еркін Нұр­ханов, Ерлан Құжиманов, Абзал Қуа­­­ныш­ұлы, Ерлан Рысқали, Жасұлан Ба­зар­беков, Талғат Әбуғазы, Саят Нұрғазин, Талғат Мұқышев, Уатхан Захан тәрізді өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды. Жаяу Мұсаның елі – Керекуден арнайы келген ғажап әнші Ербол Айтбаев көпшілік қауымның ризашылығына бөленді. Кештің бір жетістігі – дәстүрлі әннің Бақтияр Ақымжанов, На­риман Әбдірахманов, Нұрсұлтан Елемесов, Өзгеріс Шерікбайұлы, Жас­ұлан Сақаев, Жақ­сыгелді Майасаров сынды жас өкіл­де­рінің сахнаға көтеріліп, қанаттарының қа­тайғанын көрсетуі. Көпшілік басқаның емес, сол жас әншілердің сахнадан кетпеуін өтініп жатты. Жастардың орындауында та­лант­ты әнші, білікті ұстаз Жоламан Құжи­манов­тың үйретуімен архивтердің сөрелерінде шаң басып жатқан Жаяу Мұ­саның «Толғау», «Әрине», «Сынақ», «Тол­қыма», «Қаршыға, бүркіт», «Бұзау зары», «Келдім сізге», «Бәшерден», «Сүйіндік» сияқты бірқатар әндері тұңғыш рет үлкен сахнаға жол тартты. Өнер зерттеушісі, белгілі әнші Ерлан Төлеутай салтанатты шараны ұлы ком­позитордың өмірі мен шығармашы­лығына байланысты ай­тыл­маған тың деректермен өрнектеп өріп, тартымды жүргізді. Кештің толық те­ле­көрсетілімі «Алматы», «Мәдениет» те­леарналарынан көрсетілетін болады.
Өнерсүйер қауымның қаперінде болар, өткен жылдары Біржан сал, Ақан сері, Мұхит сияқты ұлы композиторлардың шы­ғар­машылықтарынан концерт ұйымдас­тырылған еді. Биыл Жаяу Мұса әндерімен басталған «Сал-серілер мұрасы» жобасы Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Естай, Әсет, Мәди, Қапез, Кенен әндерімен жалғасын таппақ. Атаулы жобаға Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан қолдау болса, нұр үстіне нұр болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста