Жалмауыз! Исраил Сапарбайдың өлеңі желіде қызу талқыға түсті

Жалмауыз! Исраил Сапарбайдың өлеңі желіде қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде ақын Исраил Сапарбайдың "Жалмауыз" атты өлеңі қызу талқыға түсті. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

 

Дегенмен көпшілік жарыса бөлісіп жатқан өлеңнің нақты кімге арналғаны белгісіз. Әйтседе, желідегі оқырмандар әр түрлі болжам айтуда. Басым көпшілігі түйені түгімен жұтып жүрген жемқор шенеуніктерге бағышталған деген сыңайдағы ойда. Оқырмандар "Ақын халықтың үні, айта алмай жүрген шындықты жеткіздің", - деп алғысын жаудыруда.

 

Аталған өлең әлеуметтік желіге енді таралып жатқыр. Бірақ ол осыдан екі жыл бұрын интернет порталдардың бірінде жарияланған болатын. Нақты айтқанда elana.kz сайты жүктеген еді.

Сонымен әйгілі өлең кімге арналған?

 

ЖАЛМАУЫЗ!

 

Жалма, жалма!!

Қалдырма,

Бәрін жалма,

Жалынғанға,

Қарама жарым жанға.

Жалмауыздар жаһанды жайлайды екен,

Дүниенің қауызы тарылғанда.

 

...

 

Жалма, жалма,

Жеті бас жебір неме!

Көмірге де ауыз сал, темірге де!

Көмейіңе көмілген әруақтар

Көріңде де,

Өкірсін төріңде де!

 

...

 

Елдің мұңын,

Қайтесің жұрттың сорын,

Ашылып тұр араның, мықтым, сенің!

Алматы мен Астана пойызындай

Әрлі-берлі жүгірсін жұтқыншағың.

 

...

 

Мынаны жұт,

Қалдырма, ананы жұт!

Ауылды жұт!

Малды жұт!

Даланы жұт!

Қабырды жұт!

Қамбаны, қаланы жұт!

Сабырды жұт,

Салтты жұт,

Сананы жұт!

 

...

 

Аспанды жұт!

Ауа мен Жерді жалма!

Жерден асқан жаһанда шерлі бар ма?!

Зәу-заттарды илейді енді есерлер,

Бау-бақтарды билейді енді қарға!

 

...

 

Көлді қылғыт,

Көктегі Күн, Айды жұт!

Теңізді жұт!

Мұхитты, мұнайды жұт!

Қиығымен көзінің қарап қойып,

Миығынан отырсын Құдай күліп..!

 

Исраил Сапарбай

 

Еске салақ, Исраил Сапарбай 1941 жылы Өзбекстанда дүниеге келген. Ақын, драматург, сазгер ретінде елімізге танылған өнер иесі. Көптеген әндердің авторы, "Платинды Тарлан" тәуелсіз сыйлығының лауреаты. Парасат орденінің иегері

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста