Жаңа кітаптар оқырманына жетті

Жаңа кітаптар оқырманына жетті

Кеше Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында мемлекеттік тапсырыспен биыл жарық көрген кітаптарды насихаттау мақсатында Ашық есік күні өткізілді. Шара барысында «Қазақстан Тәуелсіздігі жылнамасындағы кітаптың рөлі» атты үлкен кітап көрмесі өтті.


Көрмеде биылғы жылы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шы­ғару» республикалық бюджеттік бағдар­ламасы бойынша жарыққа шыққан қа­зақ­с­тандық кітаптар және Алматы қа­ла­сының жетекші баспаларының кітаптары қойылды.
Көрменің негізгі мақсаты – жаңа кітаптарды халыққа таныстыру, автор, оқырман және баспагерлер арасында қарым-қатынасты орнатуға серпін беру. Ашық есік күні аясында Қазақстан Жазушы­лар одағы, ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы және Қазақстан баспагерлер мен кітап таратушылар қауымдастығының ұйымдастыруымен кітап шығару, баспа ісінде стандарттарды дұрыс пайдалану мәселелері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде кітап нарығын дамыту мен қолдау, оқу мен жалпы мәдени білімнің деңгейін көтеру сияқты өзекті мәселелер қаралды.
Кітап көрмесі және дөңгелек үстелге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметкерлері, баспагерлер мен кітап шығарушы мекемелер, қаламгерлер және  студенттер мен оқушылар қатысты.
Көрме аясында Алматы қаласының бірқатар кітапханаларына, М.Мақатаев атындағы №13 орта мектептің, №159 көпсалалы, Ш.Уәлиханов атындағы №12 көпсалалы гимназиялары, №161 қазақ гимназиясының кітапханаларына Кітап палатасының ұйымдастыруымен еліміз баспаларынан шыққан кітаптарды тегін тарату қайырымдылық шарасы өтті. Аталған мектеп ұжымдарына «Алматы­кітап», «Қазақ энциклопедиясы», «Мек­теп», т.б. баспалар ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының арнайы алғысхаттары табыс етілді.
Көрме жұмысы барысында сондай-ақ Қуандық Түменбай, Амантай Ахетов, Маралтай Райымбекұлы, Алмат Исәділ сынды есімдері елге белгілі ақын-жазушы­лармен оқырмандардың кездесу кеші өткізілді. Әдеби ауанда ұйымдастырылған кездесу барысында қаламгерлер жас оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, бүгінгі қоғам, рухани орта туралы ойлары­мен бөлісті. Кездесу соңында аталған қаламгерлер ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының «Кітап мәртебесін арттыруға қосқан үлесі үшін» арнайы мақтау қағаз­дарымен марапатталды.
Аталған ауқымды шараны еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті,  ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы мен Ұлттық кітапхана бірлесіп жүзеге асырды. Ұйымдастырушылар мұндай шараларды алдағы уақыттарда да жандандыруға күш салатындықтарын атап өтті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста