Жаңа мешіттің іргетасы қаланды

Жаңа мешіттің іргетасы қаланды

Кеше ғана Ұлы Абай ескерткішін тұрғызған өскемендіктер енді Ертіс өзенінің сол жағалауында 1500 адамға арналған мешіт құрылысын қолға алмақ. Кеше облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қатысуымен осы құрылыстың алғашқы іргетасы қаланды.

Мешіт құрылысының ашылу салтанатында сөз алған облыс басшысы Б.Сапарбаев облыс орталығы Өскеменде төрт мешіт бар екенін, бірақ бүгінде ислам дінінің қарқынды дамып, қанат жаюына байланысты бұлардың аздық етіп отырғанын тілге тиек ете келе, ел ағаларының үлкен мешіт салу туралы ұсынысын қала басшылығының қабыл алып, 3,5 гектар жер бөлгенін айтты. Бердібек Мәшбекұлының айтуынша, қасиетті Ертіс өзенінің жағасында бой көтеретін бұл мешіттің көлемі 36х48 болып, 1500 орынға арналып салынады. Мешітте ерлерге, әйелдерге арналған залдар мен 60 бала оқитын медресе, 500 кісілік қатымхана болады деп жоспарлануда.

 – Мешіттің төрт мұнарасының биіктігі пайғамбардың жасына сәйкес 63 метр болса, ал күмбезінің биіктігі 40 метр болмақ. Неге 40 десеңіздер, мұнда да мән бар. Өздеріңіз білесіздер, Пайғамбарымызға Алла тағала пайғамбарлықты қырық жасында берген, – деді облыс әкімі Б.Сапарбаев.

 Мешіттің бас мердігері «Стройэффект» ЖШС болып табылады. Жердегі құдай үйі халықтан жиналған қаржыға бой көтермек. Қазірдің өзінде «мешіт құрылысына» деп ақша аударып жатқан азаматтар жетерлік екен. Мысалы, қаладағы «Земстрой» ЖШС 9 млн теңге аударып отырса, Бұқтырма цемент зауыты құрылыс жұмысына қажетті цементтің барлығын тегін бермек көрінеді. «Титан» ЖШС директоры Н.Кузмин де аянып қалмайтынын, қол ұшын созатынын жеткізді. Сондай-ақ азғана зейнетақысынан ақша аударып жатқан қарт адамдардың қатары да көп. Мысалы, Өскемендегі «Жібек маталар комбинаты» ықшамауданының ақсақалдары жиналып мешіт құрылысына 37 мың теңге аударыпты.

 – Неше жылдан бері жүрегімізде мұз болып қатқан ауыр сезімді оңтүстіктің жылы лебімен ерітіп, бойымызға имандылық дәнін егіп жүрген Бердібек пен Ислам бауырларымызға мың да бір рақмет айтқым келеді, – деді осы жиында ақсақалдар атынан сөз алған зейнеткер Шәріпхан Тоқтағұлов.

Мешіт құрлысы келесі ораза айына дейін бітеді деп жоспарлануда.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста