Жаңа технологиялар «жарысы»

Жаңа технологиялар «жарысы»

Астана қаласында отандық білім жүйесінің жетістігін айшықтайтын «XXI ғасырдағы білім және ғылым – 2011» атты көрме болып өтті. Осымен сегізінші рет өткізіліп отырған халықаралық деңгейдегі көрмеге отандық білім беру мекемелерінен басқа, Германия, Чехия, Швейцария, Өзбекстан елдерінен барлығы 60 білім беру құрылымы келіп қатысты.
Бұл көрме Білім және ғы­лым ми­­нистрлігінің баста­ма­сымен өмір­­ге келген. Дә­стүрлі түр­де жыл са­­йын өткізіліп тұ­рады. «Көрменің бас­ты мақ­саты – білім беру жү­йе­сінің бар­­лық сатылары мен за­ма­науи тех­нологиялары, оқыту құ­­рыл­ғы­лары, жаңа бағ­дарламалар жә­не оқы­ту-әдіс­темелік кешен­дер­ді пай­далану, сондай-ақ жас ма­мандар бі­лі­мінің тәжірибелік қол­данысына көмек көрсету са­ла­ла­рындағы жетістіктерді көрсету», – дей­ді шараны ұйымдастыру­шы­лар.
Көрмеге 29 қазақстандық жә­не сегіз шетелдік жоғары оқу орны өз жетістіктерімен келіп қаты­сып отыр. Солардың бі­рі – Яса­уи атындағы Халық­аралық қа­зақ-түрік университеті. «Уни­вер­си­тетімізде түркітілдес ха­лық­тардың 26 елінен келіп оқып жа­тыр. Студенттеріміз қазақ, түрік, ағыл­шын тілінде білім алады. Елі­не бір рет тегін барып келеді. 16 мың теңге көлемінде стипендия тө­лейміз. Былтыр қыркүйек айын­да Италияның Болон қаласындағы Ұлы Болон хартиясына қол қойып, Еуроодақтың қазіргі деңгейдегі оқу үрдісіне кіріп жатыр­мыз», – дей­ді уни­вер­си­тет­тің халықаралық қа­ты­настар бөлімінің мең­ге­рушісі Сау­ранбек Жа­мал­беков.
Бүгінде аталмыш оқу ор­нының құ­рамында Түр­кіс­тан қаласының жас­та­рын жұмыспен қамту мақ­­сатында құрылған ар­на­йы ма­мандандыру оқу орта­лығы бар екен. Бұл орталық 1998 жылы Түркия Рес­пу­бли­касының Ұлттық білім бе­ру министрлігі мен Ха­лық­ар­а­лық қазақ-түрік униве­р­си­те­тінің арасында жасалған ын­ты­мақтастық туралы келісім негізінде құ­рылған. Онда 11 мамандық бо­йынша 3000-нан аса оқушы білім алып жатыр. Университет көрмеге осы арнайы мамандандыру оқу орталығының оқушыларының қо­лы­нан шыққан өндірістік жа­ңа­лық­тарды алып келіп отыр. Олар – шағын автокөлік пен толықтай күн сәулесімен жылытылатын киіз үй. Үй ішіндегі тұрмыстық заттар­дың барлығы да күн энергиясымен жұ­мыс істейді. Бұларды оқу орны­ның қаржы мәселесі жөніндегі ви­це-президенті Илхами Буралдың өзі таныстырып өтті. «Орталықта сле­сарь дайындайтын үйірме бар. Бұл шағын көлік – осы үйірме шә­кірт­терінің туындысы. Сағатына 60 шақырымдық жылдамдықпен қоз­ғала алады. Әзірше жанар-жа­ғармай арқылы жүреді. Шә­кірт­теріміз болашақта осы көлікті күн энергиясымен қозғалтатын қоз­ғалт­қыш жобасын жасап жатыр», – дейді ол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста