Жаңа жылды қарсы алудың ерекше үлгісін Қытай қазақтары көрсетті
Қоңыраулап жеткен қой жылының басы шеттегі қандастар үшін сәтті басталды. 2015 жылғы 1 қаңтар Қытай мемлекеттік спорт және денешынықтыру агенттігі Алтай өлкесіне қарасты Көктоғай ауданында жалпыхалықтық «Қар-мұз саяхаты мерекесін» ұйымдастырды.
Қара өткел көлі мен Көктал жазығында дәстүрлі саятшылар мерекесі, ат шана жарысы және алтын некені тойлау, жас жұбайлардың той салты, қар шаңғысымен сырғанау сынды мерекелік шаралар өтті. Жаңа жылдық тойдың соңы Шыңжаң «Суық үйек қар үстінде өнер көрсету автосайысына» жалғасып, егінші-малшыларды ойын қызығына батырды. Табиғат аясында өткен шарада әсіресе, ұлтымыздың бекзада өнері – құсбегілік пен ат баптау өнері, ұлттық ат әбзелдерінің көрмесі, ұлттық киім үлгілері көрсетілді.
Төменде қой жылының алғашқы күніндегі Алтай қазақтарының мерекелік думанынан көріністер: