Жанан жайлы телехикая

Жанан жайлы телехикая

СТВ  телеарнасында – жаңа телехикая. «Жанан» – түрік режиссері Бахадыр Инсаның 2011 жылы жарыққа шыққан туындысы.
Телехикая Түркия елінде ғана емес, өзге де елдерде көрсетіліп, көрермендердің жылы лебіздеріне бөленді. Жананның анасы екінші мәрте тұрмысқа шыққан соң, олар өгей әкесімен бірге өмір сүреді. Көп ұзамай анасы өмірден озып, өгей әкесі оны бейтаныс кісіге тұрмысқа береді. Өгей әкенің қолынан қиындық көрген Жанан күйеуінің отбасында да суық жүздер мен қаталдыққа тап болады. Себебі оның қайын жұрты өгей әкесінің оған жасаған қорлықтарынан хабардар. Көп ұзамай Жанан аяғының ауырлағанын біледі. Осы кезде құрсақтағы шарананың әкесі кім екенін білмей, әбігерге түседі. Айы-күні жақындап босанған кезде, ол сәбиінің шетінегенін естиді. Шақалақтың өлімі, қайын жұртының қаталдығы, өгей әкенің қорлығы Жананды Франция еліне кетіп қалуға мәжбүр етеді. Араға уақыт салып, өткен күндерден қорытынды жасаған Жанан ақылға тоқтап, туған елге оралады. Туған елге оралған бойда ол айланың арбауына түскенін біледі. Жанан осы уақытқа дейін өлілер қатарында санаған кішкентай қызы Элифтің тірі екеніне көзі жетеді. Осыдан кейін тағдырмен арпа­лысқан Жанан әділдік пен шындық жолына түсіп, жүрегін жаралаған жандардан кек алуды көздейді. Сериалдың басты кейіпкерінің рөлін танымал түрік актрисасы Озлем Чонкер сомдайды. Сценарий авторы – Оржун Оксар. Телехикаяны СТВ арнасынан сағат 21:30-да тамашалауға болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста