Жанар Айжанова кімге, не үші "адам емес екенсің" деді
Танымал әнші, актриса, тележүргізуші Жанар Айжанова Ақтөбеге сапары кезінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетіне қарасты студенттер сарайында бір шайнек су үшін мың теңге сұрағанын айтып берді.
Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлайды.
«Күн салқын болды. Шай іше қояйын деп қайнаған су сұрағанмын ғой. Студенттер сарайының директоры бір Тефаль шайнек су үшін мың теңге сұраған кезде шалқамнан құлай жаздадым. Ақшаны суға сұрады ма, шайнекке сұрады ма, ол жағын өзінен сұрау керек. Содан, менің де тілім ұзын ғой, адам емес екенсің деп кеттім», — деп еске алды әнші өткен жылдары болған жайтты.
Айта кетейік, Жанар Айжанова санаулы күн бұрын Ақтөбеде дүркіреп өткен Жерлестер форумына қатысып келген болатын.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу