Жанар Доғалова Баян Есентаеваны жылатты (видео)
Сәресіге дейін көз іліндіріп алу үшін жата қалған едік, көшеден шыққан шаңсорғыштың үні секілді қатты шу оятты. Бәріміз терезеге жүгірдік. Сөйтсек, сары масаны улап жүрген жұмысшылар екен.
"Қанішерлермен" күресіп өзімізді өзіміз сабалап жатқан біздер Астананы сары масадан арылту үшін көше бойын жағалап жүргендерді көріп қатты қуандық.
Бірақ, есіме Жанар Доғалова түсіп ойланып қалдым. Мүмкін, мына жұмысшылар улап жүрген сары масалар біреудің анасы, біреудің әкесі болар. Әлде, ғашығын күтіп жай ғана ызыңдап "әндетіп" отырды ма, кім білсін. Бәлкім, екі жас маса махаббатқа масайрап отырғанда ажалдары жеткен шығар...
Қысқасы, Астанада маса азаятын болды, бірақ бұл Баян мен Жанардың жандарына қаяу сала ма деп қорқамыз. Неге екенін мына видеодан көріңіздер.
shyn.kz