Жанар Дұғалова Бейбіттің бетін қайтарды (видео)
Бейбіт Көшқалиевтің жаңа клипіндегі жас актриса көпшілікке тым жас болып көрініп жүр екен.
Алайда Бейбіттің айтуынша актриса көрермен ойлағандай жас емес, ол оның болмысы екен. Әннің атауы "Мен сені шын сүйемін" деп аталады. Видео кадрынан махаббат хикаясын, шынайы сезім мен кіршіксіз көңілді аңғару қиын емес. Ал негізінен әншінің бұл туындсына Жанар Дұғалова шақыртылған көрінеді.
"Жалпы, бұл бейнебаянға мен Жанар Дұғалованы шақырған болатынмын. "Сен жақсы келесің, жасың да келеді" дедім. Бірақ, ол өкінішке орай шетелге кетуі керек болды. Бірақ одан ешқандай мәселе туындамады", - дейді Бейбіттің өзі.
Иә, Бейбіттің естеріңізде болса, алғашқы бейнебаянына да Жанар Дұғалова түсіп, әні хит болған еді. Бірақ бұл жолы Жанар ұсынысын қабыл алмаған екен.