Жанар Дұғалованың болашақ күйеуіне қоятын басты талаптары қандай?
Жасы 30-дан асса да тұрмысқа шықпаған Жанар Дұғалова болашақ күйеуіне қоятын басты талаптарын айтты. Әнші ер адамның бойындағы қандай қасиетке аса назар аударатынын мәлім етті деп жазады "Хабар" арнасының "Одна история" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Дауысмен талай таңдай қақтырған Жанар Дұғалова әкесіне ұқсайтын жігіт іздейтінін жасырмады.
"Мен әкемді идеал тұтып өскендіктен, әкеме ұқсайтын жігіт іздеймін. Менің болашақ күйеуім менің әкем секілді болғанын қалаймын. Мен үшін отбасының тірегі ер адам болуы керек. Отбасымда осыны көріп өскенмін. Өз санамда, ойымда бәрібір әкеме ұқсайтын күйеу іздеймін", - деді ағынан жарылған әнші.
Сондай-ақ Жанар өзінің алғашқы махаббаты жайлы да айтып берді.
"Негізі алғашқы махаббаттың баянсыз болғаны дұрыс-ау. Осы махаббаттың құдіретімен ол адам өседі. Сәтсіз сезімнің арқасында бірнеше әнімді жарыққа шығардым. Кейде қайта ғашық болмайтын шығармын деп ойлаймын. Өйткені, жыл өткен сайын біреуді ұнату қиынға соғады", - деді Жанар Дұғалова.