Заңғар Нұртас әйелімен ресми түрде ажырасқанын айтты
Әнші Заңғар Нұртас әйелімен ресми түрде ажырасты. Ол бұл туралы НТК телеарнасындағы Taboo бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бес ай өтті, араласпаймыз. Жақсы келін болды. Бәрі керемет болды. Сыйластығымыз қазір де жақсы, бірақ сондай жағдай болып қалды. Оған нақты не себеп болғанын айта алмаймын. Бұл жеке нәрсе. Бастарыңызға бермесін", - деді Заңғар Нұртас.
Ол сонымен бірге өзінің жаңа қарым-қатынастарға ашық екенін және болашақ жарының бойында болуы керек қасиеттерді айтты.
"Үйдің берекесін келтірсе болды. Таза, адамгершілігі болса және түсіністікпен қарауы керек. Бәрі мінсіз болмайды ғой. Оның мінезі, қылығы болмаса, ішің пысып кетуің мүмкін. Үйге келесің, "Жаан, бүгін сен осылай істедің" деп өкпелеп қалмаса, арада қызық ештеңе қалмай қалатын сияқты. Арада бір еркелік, ойын болуы керек. Қыздың қылығы болуы керек қой", - деді ол.
Әнші Заңғар Нұртас былтыр, 2022 жылғы наурызда үйленген. Ол бұрынғы әйелімен 9 жыл жүріп шаңырақ көтерген.