Заңгер «Хэллоуинді» дәріптеген QosLike жобасының жабылуын талап етті
Танымал заңгер Камиша Есмұхамбетқызы өзінің Instagram-парақшасында аты шулы QosLike бағдарламасына қатысты өз наразылығын білдірді, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».
Бағдарламаның қатысушылары көп елдерде тойланатын «Хэллоуин» мерекесіне орай боянып, түрлі кейіпкердің образдарын қайталаған болатын.
«Мәдениет министрі кім өзі? Тірі ме? Мәдениетпен бірге ұлттық болмысымызды өлтірді ме? Мына сорақы Қослайық бағдарламасы қашан өшеді, не мынау? Мәдениетімізді дамытудың орнына, тірілей көміп, теледидарды үндінің итімен битімен толтырып, енді өз ұрпағымыздың былшылды өмірімен елдің бәрін сауатсыздыққа шақыруда», — деп жазды Камиша Есмұхамбетқызы.
Сонымен қоса заңгер бағдарламаның жабылуын талап етті.
«Телеарнада көрсетіліп жатқан #қослайк, #бірболайық бағдарламалары жабылсын! Өз үйінде кетін ашсада шаруам жоқ, қалың халықтың алдында, албасты мерекені насихаттауға кім жол берді?» — дейді Есмұхамбетқызы.