Жанна Абуова "Меломен" тобына бұрынғы əндерін айтуға тыйым салды
"Меломен" тобының бұрынғы продюсері Жанна Абуова топтың бірге жұмыс істеген кезде шығарылған әндерін айтуға тыйым салды. Топ директоры Қайрат Әшімханұлы Жанна Абуованың не себепті олай дегенінен бейхабар екендігін жеткізді. "Себебін білмейміз. Жанна Абуовамен бірге жұмыс істеген уақытта топтың 40 шақты әндері жазылған. Бірақ жігіттердің Жанна ханымға рахметтен басқа айтары жоқ. Ал бұл жөнінде көпшілік хабардар болғанын қалаған жоқпыз"-дейді Қ.Әшімханұлы.
"Меломен" тобының жігіттері де бұл жағдайға таңданыспен қарап отыр. Себебі, "Көрген жерде халық хит болған әндерімізді орындап беруімізді сұрайды. Ал біз елге "бұрынғы продюсерміз тыйым салды деді" деп жауап берсек ыңғайсыздау болады"-деп түсініксіз жағдайда қалғанын жасырмады.
"Меломен" тобы " Арман шағала", "Абайла сұлу қыз", "О махаббат" сияқты хит әндерін енді репертуарынан алып тастай ма, жоқ па уақыт көрсетеді.