Жансызға жан бітірген «Алақай» 25 жаста

Жансызға жан бітірген «Алақай» 25 жаста

Ақтөбелік «Алақай» қуыршақ театры шетелдік әріптестерін қабылдауға дайындалуда. Биыл күзде өнер ұжымының құрылғанына 25 жыл толмақ. Осыған орай Ақтөбеде қарашаның 22-сі мен 26-сы аралығында «Ассалаумағалейкүм-2» деген атпен халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі өтеді.

Оған Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қы­р­ғызстан, Татарстан мен Қазақстаннан 20-ға жуық өнер ұжымы қатысады деп күті­луде. Бүгінгі күні аталған театрлардың бас­шылығымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Фестиваль барысында ресейлік, израильдік театр режиссері Виктор Шрай­ман мен қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов бастаған танымал мәдениет қайраткерлері жергілікті актерлерге ше­бер­лік сыныптарын өткізеді. Қазір биыл ғана күрделі жөндеуден өткен қуыршақ театрында мерейтойға орай қызу дайын­дық жұмыстары жүргізілуде. Театр тарихын қамтитын арнайы кітап пен бүктемелер, қабырға афишалары шығарылып жатыр. Таяуда «Менің сүйікті театрым» деген атпен балалар арасында шығармашылық байқау өткізу жоспарлануда. Айта кетейік, Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры 1985 жылы 29 қарашада ашылды. Осы уақыт аралығында бірнеше халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпазы атанып, 55-тен астам спектакль сахналады. Өнер ұжымында бүгінде 15 адамнан тұра­тын актерлік құрам жасайды. Олардың төртеуі – Т.Жүргенов атындағы өнер ака­де­миясының түлегі, ал қалғандары – ар­нау­лы орта мәдени-саз оқу орындарын бі­тіргендер. Қазір алты маман жұмыс жа­сай жүріп, Қырғызстандағы Б.Бейше­на­лие­ва атындағы өнер институтының актер­лік факультетінде оқып жатыр. Өткен жылы «Ала­қай» қуыршақ театры Қазақстан Рес­публикасының тұңғыш Президенті қо­ры­ның ұйымдастырумен Алматыда өткен «Да­рындыларға ғасыр бас иеді» атты жас­тар фестивалінде 300 мың теңгелік грант же­ңіп алды. «Дала аңызы немесе Бәрекел­ді, Алдар» спектаклімен лауреат атанып, ал­ты актер арнайы медальмен ма­ра­паттал­ды.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста