Зарина Омарова 20 кг салмақ тастады
Әнші Зарина Омарова декреттік үзілістен соң өнерге қайта оралды. Сүйікті ісімен айналысуды жолдасы мақұлдап, әрі әр қадамына қолдау білдіріп отыр. Бала кезінен әкесімен бір сахнада өнер көрсеткен талантты қызды киелі сахна жатырқай қоймас. Дегенмен, заманауи дүниелердің көшін жалғауды жөн көрген әнші інісі Азамат Омаровтың “Аяма” деп аталатын әніне бейнеклип түсірді. Ән әдеттегідей ізгі сезімді жырлайды. Жандарыңызға жақын жандардан жылы сөздеріңізді, сезімдеріңізді аямаңыздар,-деген тілекпен әнші жаңа клипін тарту етеді.
Жақында әлеуметтік желіге тіркелген әнші көпшіліктің таңданысын тудырды. Сәбилі болғаннан кейін әйел адамның салмақ қосуы заңдылық. Ал Зарина жарты жыл ішінде жиырма кг салмақ тастады. Көпшілік: “Дәрі-дәрмектің көмегімен бе? Арнайы арықтататын шәй іштіңіз бе?-деп сұрақ қойып жатыр. Заринаның жауабы біреу – және дұрыс тамақтану. Зарина жолдасының жұмыс бабына байланысты, Ақтөбе қаласына уақытша қоныс аударды. Қазір Алматы мен Ақтөбе арасындағы алтын көпір. Батыстың тұрғындары бірден танып жатқан көрінеді. Бейтаныстар үйіне хат немесе гүл жолдап, әншіні ықыластарына бөлеп үлгеріпті. Сахнаны сағынған Зарина жыл соңына дейін тағы бір бейнебаян түсіруді көздеп отыр. Ол кезде оны мүлдем танымай қалуымыз мүмкін. Себебі ол салмақ тастауды әлі де жалғастырмақ.