"Жарық дүниеге қош келдің, қызым": Ақбота Сейтмағамбет отбасылық қуанышымен бөлісті

"Жарық дүниеге қош келдің, қызым": Ақбота Сейтмағамбет отбасылық қуанышымен бөлісті

Ақбота-Нұр Сейтмағамбет отбасылық қуанышымен бөлісті. Ол жалғыз бауырының отбасы бір жанмен толыққанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақботаның ата-анасы өмірден ерте озған. Жастай нағашыларының қолында өскен өнерпаздың артынан ерген жалғыз інісі бар. Ақбота кішкентай сіңлісіне апасының орнын жоқтатпауға уәде берді.

"Таңым қуанышпен бақытқа бөленіп атты бүгін! Жүрегім тулап, өзімді қоярға жер таппай алып-ұшып жүрдім күні бойы.

 
Мына жалғанда ет жүрегім, жаным бауырымның барына арқаланып шүкір етіп өмір сүріп келемін, міне сол бауырымның отбасы бүгін жанға толығып, Алланың нұрына бөленіп жатыр. 

Көбейіп, өніп, өсіп жатқанымызға мыңда бір тәубе! Алтыным, ақ бөпем, қызым, жарық дүниеге қош келдің!  Анашымыздың көзі тірі болғанда немерем келді деп бақыттан басы айналар еді, амал нешік?! 

Енді Апаңның орнына сені сүйіп кеудеме басып, бар жақсылығыңды бірге бөлісіп қамқорың болып өтуге ұзағынан жазсын Жаратқан.
Ата-анаңа, жақындарыңа мейірімді, қайырымды, халқыңа беделді қыз болып өсе ғой, құлыным! Бұл әлем сені шаттықпен шалқытып өсірсін!" - деп жазба қалдырды ол. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста