Жас актер Бауыржан Момышұлының рөлі үшін марапатталды

Жас актер Бауыржан Момышұлының рөлі үшін марапатталды

Қазақ халқының даңқты батыры "Бауыржан Момышұлы" фильміндегі  басты рөлі үшін жас актер Еркебұлан Дайыров "Намыс" медалімен марапатталды. Жас актерге "Намыс" медалін Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлов табыс етті. Сондай-ақ депутат "Намыс" медалі Бауыржан Момышұлының мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттап жүрген өнер қайраткерлеріне берілетінін жеткізді. Таяуда "Алаш айнасы" жас актердің "Серпер" жастар сыйлығын алғаны туралы да ақпарат берген болатын.
М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының 28 жастағы актері Еркебұлан Дайыров бұл марапат тек өзіне ғана емес, жалпы түсіру тобының, театр ұжымының еңбегіне деген құрмет екенін айтты.
– Бауыржан Момышұлының рөлін ойнау – кез келген жас актердің арманы. Осы рөл менің өнер жолымдағы ең үздік рөлдердің бірі десем болады. Мен үшін халық батырының рөлін ойнау үлкен абырой, – деді Е.Дайыров.
Естеріңізге сала кетейік, 4 сериядан тұратын "Бауыржан Момышұлы" көркем фильмі Александр Бектің "Волоколамское шоссе" кітабының желісі бойынша түсірілді. Фильм "Хабар" телеарнасының экранына 17 желтоқсанда шықты. "Бауыржан Момышұлы" атты сериалды белгілі режиссер Ақан Сатаев түсірген болатын. Картина Бауыржан Момышұлының ең алғаш әскерге баруға  деген арманын, оның генерал Панфиловпен қалай танысқанын және батальон командирі, кейіннен гвардия дивизиясының командирі болғаны туралы баяндайды.

Еркебұлан Дайыров

Ең алғаш Еркебұлан фильмді түсіру алаңына келгеннен бастап оның Бауыржан Момышұлына ұқсайтынын көпшілік байқаған болатын. Актердің өзі бұрын бұл ұқсастыққа аса мән бермегенін айтты.
Еркебұлан Дайыров 1986 жылы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында, ақиық ақын Мұқағали туған топырақта дүниеге келген. Ол 2005 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясына түсіп, Есмұхан Обаевтың шеберханасынан тәлім алды. Ақан Сатаевтың "Бауыржан Момышұлы" фильміне кастинг арқылы таңдалуына оның түр-тұлғасының халық қаһарманына ұқсастығы ғана емес, актерлік шеберлігі, ұстамды мінезі де септігін тигізді дейді режиссер. 
Театр және кино актеры, әрі тележүргізуші Еркебұлан Дайыров болашақта ұсыныстар түсіп жатса тағы да басқа фильмдерге түсе бермек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста