Жас әншілер жүлде алды

Жас әншілер жүлде алды

Еліміздің жас таланттары халықаралық байқауда тағы да топ жарды. Павлодар қаласындағы Оқушылар сарайының «Жұлдыз жарығы» эстрадалық әндер театрының жас әншілері Роза Мұқатаева мен Жанел Мамытбек Ресейдің Челябі қаласында өткен «Бәрекелді, балалар!» атты халықаралық балалар шығармашылығы байқауының жүлдегерлері атанып, елге абыроймен оралды.
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан осынау үлкен байқауға барлығы 700-ден астам көмейінен ән төгілген жас әнші қатысып, дарындылар додасына түскен болатын.
Байқау қорытындысы бойынша жер­лес жеткіншектеріміз үшінші орынға лайық деп табылып, үздіктер қатарынан көрін­ді.
Талабы күшті талғампаз әділқазылар ал­қа­сы қазақстандық жас таланттардың ерек­ше дауыстары мен өнерге деген қабі­леттерін, ән орындаудағы мәдениеті мен әдемі сахналық киімдеріне жоғары баға берді.
«Балалар үшін бұл байқау болашақта өздерін жетілдіру үшін өте маңызды. Біздің әнші ұл-қыздарымыздың мүмкіндіктері лайықты бағаланып, белгілі музыка маман­дарының көзіне түсті. Енді олар алдағы ақпан айында Санкт-Петербургте өтетін үлкен байқауға арнайы шақыру алды. Бұл байқау­да біздің қос әншіміз қазақ әуенінің құдіретін тағы да дәлелдеуге тырысып көрмек», – дейді жас өнерпаз­дар­дың ұстаз­­­дары.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста