Жас ақындар жатақханада өлең оқыды

Жас ақындар жатақханада өлең оқыды

Наурыз – науа сезімдерге толы, бұл айда нәрік гүл атып, нағыз тіршіліктің қарбалас кезеңі басталады. Кезең демекші, ақын Мұхтар Шахановтың жырына арқау болған «Он екіден үшті алсаң» өлеңінде де дәл осы көктемдегі наурыз айының маңызы ерекше сипатталған. Бұл айда мемлекеттік күнтізбеден қызыл сызықпен орын алған мерекелік күндер де көп. Хош. Соның бірі – 21 наурыз халықаралық поэзия күні.

Қаперге!
Поэзия күні 1999 жылы өткен ЮНЕСКО бас конференциясының ХХХ сессиясындағы шешімі бойынша жыл сайын дүниежүзілік деңгейде аталып келеді. ЮНЕСКО мәдениеттің мәнді тетігі ретіндегі поэзияны дамытудың маңыздылығына ерекше назар аударуда. Осылайша, қасиетті сөз өнерін жетілдіре түсуге жол ашылды.

Ақтау қаласында бұл мереке екінші рет тойлануда. Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжениринг университеті студенттерінің ұйымдастыруымен өткен поэзия кешіне «Жанартау» жастар шығармашылығы қоғамдық бірлестіктерінің жас ақындары атсалысты. Жандос Демесінов, Райхан Қуанышева, Еділ Бекмұратов, Айгүл Талыс, Бақтыбай Жайлау, Гүлсім Дүйсенбай секілді «жанартаулық» жас ақындар өлеңдерін оқып, жыр тыңдалды. «Адамзат жүрегінің патшалығы – поэзия кешінің барынша белсенді өтуіне негізгі мұрындық болған жатақхана меңгерушісі Ғалия Тәжіғалиеваның еңбегі зор», – деді университеттің баспасөз хатшысы Бақтыбай Жайлауов кеш барысында. Сондай-ақ бұл отырыста Бейсенбек Балшықбаев, Тоғжан Ақбораева сынды студент жастардың қауырсын жырлары көптің назарына ұсынылды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста