Жас ғалымдар – «Ғылым әлемінде»

Жас ғалымдар – «Ғылым әлемінде»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің барлық факультетінде дерлік «Қазақстан қоғамының әлеуметтік жаңғыруы» ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жас ғалымдар мен студенттердің «Ғылым әлемі» атты халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады.
 Дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан жас ғалымдардың конференциясы биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып, ғылымда өзектілігін жоя қоймаған тақырыптар талқыға са­лынбақшы. Қара шаңырақтың фило­софия және саясаттану факультеті ақын, жазушы, педагог-ғалым, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, профессор Әдібай Табылдыға қатысты дөңгелек үстел ұйым­дастырып, ғалымның ұрпақ тәр­биесіндегі мұраларын жан-жақты сөз етті. Аталмыш факультеттің оқытушысы Гүлмира Хасен: «Адамзат тарихында ұрпақ тәрбиесі әрқашан өзекті мәселе­лердің қатарында болған. Адам тәр­биесінің теориясымен айналысу – өте қиын да жауапкершілігі мол жұмыс. Біздің пе­дагогика кафе­дра­сында қызмет еткен азаматтардың бірі – Әдібай Табылды. Біз ұжым болып кон­фе­ренцияның аясында осы кісіге арнап дөңгелек үстел ұйым­дас­тырып, Ә.Табылды еңбектеріндегі жас­тар­ды рухани-адам­гершілікке тәрбиелеу, рубаяттарының тәлім-тәрбиелік маңызы тағы да халықтық тәрбиенің ұлт өміріндегі таңбасы секілді өзекті саналатын баянда­ма­­ларын тыңдадық». Ұлттық универси­теттегі ха­лық­­аралық конференция 22 сәуірге дейін жалғасады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста