Жас математиктер бақ сынады

Жас математиктер бақ сынады

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты Алматыдағы дарынды балаларға арналған №165 мамандандырылған мектеп-лицейінде сегізінші-тоғызыншы сынып оқушылары арасында халықаралық математика олимпиадасы болып өтті. Оған республикамыздың Батысы-Шығысы, Оңтүстігі мен Солтүстігіндегі үздік мектептердің оқушылары мен көрші қырғыз елінің алдыңғы қатарлы оқу ошақтарының жас шәкірттері қатысты.
Халықаралық олимпиаданы өткізудегі негізгі мақсат – математиканы көпшілікке тарату, қатысушылардың танымдық, шы­ғар­машылық өрісін дамыту, талантты ба­ла­ларды табу, сыныптан тыс жұмыстарды қарқындату.
Ербол СЕЙІТҰЛЫ, Алматы қалалық дарынды балаларға арналған №165 мамандандырылған мектеп-лицейінің директоры:
– Бұл халықаралық олимпиада Тәуел­сіздігіміздің 20 жылдығына ар­на­лып отыр. Өйткені біздің мектеп-ли­цейі­міз де 1991 жылы ашылған. Яғни бұл оқу ошағы – Тәуелсіздігіміздің құр­дасы. Осы екі 20 жылдық мерекенің қар­саңында еліміздің түкпір-түкпірінен және көрші елдің үздік мектеп оқу­шы­лары арасында халықаралық олим­пиада өткізіп отырмыз. Оны сегізінші-тоғызыншы сынып оқушылары ара­сын­да өткізуіміздегі басты себеп, жалпы рес­публикалық, халықаралық дәре­же­дегі мұндай жарыстар тек 10-11 сынып оқушылары аралығында ғана өтетін. Ал 8-9 сыныптар онша қамтылмайтын еді. Осыны ескеріп, біз бұл шараны 8-9 сынып оқушылары арасында ұйым­дастырдық.

Жалпы үш күнге созылған бұл жарыстың бірінші күні балалар өздеріне тиесілі есепті шығарып болғаннан кейін, олимпиаданы ұйым­дастырушылар қатысушы барлық балаларды автобусқа отырғызып, Медеу, Көктөбе секілді Алматының көрікті жер­ле­рін аралатып, суретке түсіріп, қыдыртты.
Екінші күні аталмыш мектептің акт за­лын­да жан-жақтан келген мұғалімдер мен олимпиадаға қатысушы оқушылар бірігіп, дөңгелек үстел өткізді. Онда әр мектеп қалай жұмыс істейді, аймақтарда білім бе­ру ісі қалай жүргізіледі, жалпы оқу­шы­лар­дың білімін қайтсек тиімді етеміз деген та­қырыпта өзекті мәселелер көтерілді.
Үшінші күні жарыстың қорытындысы шы­ғып, жеңімпаз командалар анықталды. Ол бойынша, командалық есепте бас жүл­дені Тараз қаласының Дарынды ер ба­ла­лар­ға арналған қазақ-түрік мектеп-интер­на­тының оқушылары жеңіп алды. Оларға Тәуелсіздік монументі мүсінінің алтын жа­ла­тылған кішірейтілген нұсқасы сыйға тар­тыл­ды. Бірінші орынды Алматы қаласының №134 мектеп-лицейі иеленді. Олар да Тәуелсіздік монументінің бронзадан құйылған кішірейтілген көшірмесін алды. Екінші орынды Алматыдағы №165 мектеп ли­цейі мен О.Жәутіков атындағы Рес­пуб­ликалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернатының оқушылары бөлісті. Оларға қазақ елінің мақтанып көрсететін – Алтын адамының кішірейтілген көшірмесі табыс етілді. Ал үшінші орынды Павлодар қала­сының №8 мектеп-лицейі, Талды­қор­ған қаласының Назарбаев атындағы зият­кер­лік мектебі және Алматыдағы №173 мектеп-лицейлері өзара бөлісті. Олар бұл шара ірі мегаполисте өткендіктен, Алма­ты­ның символы – алма бейнеленген мүсінді иеленді.
Жеке сында төрт бірінші орын алған оқу­­шының мойындарына жібек бауға та­ғыл­ған алтын медаль ілінді. Сондай-ақ циф­­рлық фотоаппараттар табыс етілді. Екінші орын алған сегіз оқушы күміс медаль­ға қол жеткізіп, «Nokia» ұялы те­ле­фон­да­рын иеленді. Үшінші орында қола ме­даль­ды иеленген 12 оқушыға DVD пле­ерлер бе­рілді. Оның сыртында олим­пиа­да­ға қа­тыс­қан алты оқушының әр­қай­сы­сына ынталандыру грамотасы тап­сы­рыл­ды.
Саят АҒЫБАЕВ, Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары:
– Мұндай ірі олимпиаданың Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №165 мектеп-лицейінде өтуі – бұл мектептің білім саласындағы деңгейін көрсетіп отыр деуге болады. Бұл оқу ошағы Бос­тан­дық ауданына ғана емес, Алматы қа­ласына, республикаға танымал мек­теп. Тіпті республикадағы үздік 100 мек­тептің бірі. Тәуелсіздіктің 20 жыл­ды­ғына арналған халықаралық олим­пиа­даға жан-жақтан сайдың тасындай  жігіттер қатысып, өздерінің бақ­та­рын сынады. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» озып шықты. «Бақ шаба ма, бап шаба ма?» дегендей, бұл жерде бас­тысы орын алу емес, осындай халық­аралық олимпиадаға қатысудың өзі – үлкен жетістік. Сондықтан осы оқу­шы­ларды оқытып, тәрбиелеп, осындай жетістікке жеткізген ұстаздар қауымына алғысым шексіз. Бұл олим­пиа­да ба­ла­лар­дың білімін шың­дауға, ақпарат ал­ма­суына мол мүмкіндік берді. Сон­дық­тан бұл жерде жеңіске жеткен ең бірінші – достық пейіл. Еліміз­дің түкпір-түк­пі­рінен келген оқу­шылар бір-бірімен та­нысып, тәжірибе ал­масып, достасып қал­ды. Ең ма­ңыз­дысы – осы.

Данияр КАМАЛ, Тараз қалалық Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернатының оқушысы, халықаралық олимпиаданың алтын жүлде иегері:
– Мен есеп шығаруды ұнатамын. Өскенде банкир болғым келеді. Мен үшін математика – ғылымдардың негізі. Барлық қаржы институттары тәуе­кел­дер­ді басқару үшін статистика мен ма­те­­матикалық модельдерге сүйенеді. Мектепті бітірген соң, Назарбаев атын­дағы университетте білімімді шың­да­ғым келеді. Алған білімім мен тә­жі­ри­бем­ді елімнің дамуына жұмсаймын.

Жарыс соңы мектеп оқушыларының ұйымдастырған мерекелік концертіне ұласты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста